02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі» ММ, «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген тексерудің қорытындысы қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 255 272,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (оның ішінде қалпына келтіруге жататыны 254 208,6 мың теңге, өтеуге жататыны 1 064,2 мың теңге), бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 5 887,0 мың теңге  және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану  924 672,5  мың теңге, 68 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бөлек объектілермен құрылыс жұмыстары толық аяқталмағанына қарамастан, авторлық қадағалауға қаражат толық көлемде төленген. Кредиторлық берешекті көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік баж шығындарын өтеуге бюджеттен тиімсіз қаражат жұмсалу фактылері орын алған.

Мердігер тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына, сәйкес жүзеге асырылмаған.

Сонымен қатар, жобалау құжаттамасы әзірленіп, бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылыстары басталмай, яғни жоспарланған объектілердің құрылысы, қаржының бөлінбеуі салдарынан және құрылыс жұмыстарына қажеттілік болмауына байланысты, жобалау-сметалық құжаттамалардың пайдалану мерзімдері өтіп,  нәтижесінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануына жол берілген.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақталмайтындығы анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

29 1 29 1 29 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы