20/04/2024  Сенбі

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы

Білім
Н.Д. Иманбердиев 1979 жылы 7 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді. 2000 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын аяқтады, 2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясымен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.
Мансап
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы лауазымынан бастады, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.
2005 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының бас сарапшысы, бас маман-бас ревизор болып мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында еңбек атқарды.
2012 жылдан 2017 жылға дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімінің әлеуметтік саладағы мемлекеттік аудит секторының бас-маман-мемлекеттік аудитор болып еңбек жолын жалғастырды.
2017 жылғы наурыз айынын бастап Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Ішкі аудит басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарды.
2017 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаментінің Ішкі аудит және ішкі бақылау жүйесін бағалау басқарма бастығы, 2018 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті бастығының орынбасары лауазымында еңбек атқарды.
2019 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының лауазымында жұмыс атқарған.
2020 жылдың ақпан айында Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды

 

Джанаева Ханбибі Әділқызы

01.01.1967 жылы туылған, білімі жоғары. Алматы халық шаруашылық институтының экономист мамандығы бойынша білім алған.1991-1993 жылдары - Ақтау қалалық қаржы бөлімінде экономист, 1993-2011 жылдары - Маңғыстау облысының қаржылық бақылау инспекциясында бас маман, 2011 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман, бөлім басшысы, аппарат басшысы қызметін атқарды.Мемлекеттік қызметте - қаржылық бақылау саласында 25 жылдан астам еңбек етуде.Маңғыстау облыстық маслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандаы № 22/270 шешімімен Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

 

Утегенова Жаннат Ерсұлтанқызы

Утегенова Жаннат Ерсұлтанқызы 1970 жылы Маңғыстау облысында туылған. Білімі жоғары. 1993 жылы «Бухгалтерлік есепке алу және қаржы-шаруашылық қызметке талдау» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын, 2016 жылы «Құқық» мамандығы бойынша Қазақстан инновация және телекоммуникация университетін бітірді.
Оқуын тәмамдаған соң, 1993 жылдан бастап Маңғыстау облысының қаржылық бақылау басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында аға бақылаушы-тексеруші, бас маман-бас бақылаушы тексеруші, бөлім басшысы болып жұмыс жасаған;
2015 жылдан - 22.02.2019 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған,ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде 25 жылдан астам қызмет етуде.
Маңғыстау облыстық маслихатының 2019 жылғы 22 ақпандағы №24/301 шешімімен Маңыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

 

09 1

Корбаков Бекболат Жиенбайұлы 2002 жылы  Орта-Азия Университетін «Құқықтану» мамандығы және 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік гуманитарлық Университетін «Экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

Алғашқы еңбек жолын 2002-2005 жылдары аралығында Жаңаөзен қалалық сотының жетекші және бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы болып жұмыс жасаған.

2005-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласының мамандырылған әкімшілік сотында бас маман-сот мәжілісінің хатшысы;

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы алғашқы еңбек жолын 2008-2014 жылдары Қаржылық бақылау инспекцисының бас маманы, бас бақылаушы-тексерушісі, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың наурыз айынан  талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінде бас маман, 2018 жылдың маусым айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті, 2019 жылдың сәуір айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-бас мемлекеттік аудиторы, 2019 жылдың мамыр айынан мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы №3/20 шешімі негізінде Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына  тағайындалды.

 
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы