02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында және оған қарасты ұйымдарда бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігініне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит 3 мекемеде және 3 мемлекеттік кәсіпорында жүргізілген аудиторлық іс шара нәтижесімен жалпы сомасы 9 853,8 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде;

-6 342,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде; -5 349,7 мың теңге өтелуге, 992,4 мың теңге қалпына келтіруге жатады.

-251,7 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау,

-3260,7 мың теңгенің активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 29 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит барысында барлығы 5058,0 мың теңге өтелді, 922,4 мың теңге қалпына келтірілді.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.

Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.

Толық ақпаратпен Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының сайтындағы «Комиссия қызметі» бөлімінле танысуға болады.

28 3 28 3 28 3

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы