19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) 2022 жылғы 08 сәуірде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалардың  сақталуы бойынша отырыс өткізді, оған Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.

Отырыста Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі  А.М. Нұғманов ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне өзгерістер енгізігендігін мәлімдеді.  Отырыс барысында енгізілген өзгерістер жөнінде және мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда аудиторлардың аудиторлық іс-шараларда қызметтік әдепті сақтауы жөнінде сөз сөйледі. Сондай-ақ, алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалдың оң динамикасын атап өтті.

Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының аппаратына этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика мәселелері бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

12.04.22 1

12.04.22 1

12.04.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы