12/05/2024  Жексенбі

Конкурсқа қатысушыларға арналған біліктілік талаптар

D-3 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-3

354 069

406 714

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй,№ 312 кабинет. Анықтама алу үшін телефондары: 8(7292)335223 электрондық мекенжайы: n.sahimova@mangystau.gov.kz. Тексеру комиссиясының сайты: esep-mangistau.gov.kz «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-і «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы (D-3 санаты, 1-бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін жалпы басқару; бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуді іске асыру; аудиторлық іс-шараларды жүргізу, қатысу және олардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету; жергілікті бюджеттің атқарылуына ағымдағы және кейінгі бағалауды жүргізуге қатысу;мемлекеттік аудит обьектісінде қаржылық тәртіпті жақсарту жөнінде ұсыным әзірлеу;есептілік көрсету бойынша және (немесе) тауарларды жеткізу,қызмет көрсету, анықталған бұзушылықтарды қалыпқа келтіру жолымен жұмыстарды атқару,тиімсіз пайдаланған қаражатты қайтарудықамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;қаулылар және нұсқама тармақтарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық және әдістемелік материалдарды әзірлеу; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады; сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, мемлекеттік аудит, есеп және аудит,қаржы,әлемдік экономика).Құқық (құқықтану). Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.Уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы