11/05/2024  Сенбі

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-і

 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

жалпы конкурс өткізуі туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға арналған біліктілік талаптар

 

D-4санаты үшін: Жоғары білім; 

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,             аналитикалық,ұйымдастырушылық,әдептілік,сапаға бағдарлану,тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы  тиіс:
            1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар кұрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
            3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*

            4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
     

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-4

102436

125155

 

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй,№ 247 кабинет. Анықтама алу үшін телефондары: 8(7292)335223, 335218,  электрондық мекенжайы: rev.komissiya@list.ru.Тексеру комиссиясының сайты: esep-mangistau.gov.kz

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-і «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман-бас мемлекеттік аудиторы (4 бірлік,  D-4 санаты).

            Функционалдық міндеттері:Аудит объектілерінде аудиторлық іс-шараларды жүргізу, олардың қорытындылары бойынша құжаттарды рәсімдеу; аудиторлық іс-шаралар бойынша талдау жүргізу және материалдарды жинақтау; бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау;  қаулылар мен нұсқамалардың орындалуын бақылау; жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды енгізу.

            Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (мемлекеттік және жергілікті басқару,экономика, есеп және аудит), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысандағы өтініш;

            2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының  3-қосымшағасәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

            3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            4) еңбек қызметін растайтын құжаттыңнотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

            5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

            6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат(немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпыконкурс өткiзу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде.

  Жалпыконкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекен жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы, не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы