11/05/2024  Сенбі

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің

мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-2санаты үшін: Жоғары білім; 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

D-3 санаты үшін:Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

            3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-2

163233

220698

D-3

135749

166564

 

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің мекен-жайы: 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй,№ 247 кабинет. Анықтама алу үшін телефондары: 8(7292)335223, 335218,  электрондық мекенжайы: rev.komissiya@list.ru.Тексеру комиссиясының сайты: esep-mangistau.gov.kz

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ-нің мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

            1. Аппарат басшысы (1 бірлік,  D-2 санаты).

            Функционалдық міндеттері:Тексеру комиссиясы аппаратын басқаруды жүзеге асыру, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру; аудиторлық және ақпараттық-талдамалық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесінің жүргізілуін ұйымдастыру; тексеру комиссиясының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жұмыс жоспарларының орындалысына бақылауды жүзеге асыру; жедел іс жүргізуді, оның ішінде құпия іс жүргізуді, қамтамасыз ету; мұрағаттық жұмыстардың жүйелілігі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; тексеру комиссиясының қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету; тексеру комиссиясы қызметін қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бойынша сұрақтарына жалпы басшылық жасау; тексеру комиссиясы қызметкерлерімен еңбек және орындау тәртібінің сақталуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім:әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес саласындағы (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент).

 

            2.Жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы (1- бірлік, D-3 санаты)

Функционалдық міндеттері:Бөлімді жалпы басқаруды қамтамасыз ету; жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдау; тиісті органдарға берілетін тоқсандық және жылдық ақпаратты дайындауға қатысу; жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті дайындауға қатысу; тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық, жылдық есептерді әзірлеу; тексеру комиссиясының ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; тиісті жылға бекітілген Мемлекеттік аудит обьектілерініңтізбесінің орындалуына мониторинг жасау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін аудит қорытындысы бойынша жасалған құжаттарға бағалау және талдау жүргізу;тексеру комиссиясының нұсқамаларында көрсетілген тармақтардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит), құқық (құқықтану).

 

            3. Құқықтық қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімінің басшысы

(1-бірлік, D-3  санаты)

Функционалдық міндеттері:Бөлімді жалпы басқару; тексеру комиссиясының қызметіне қатысты жиынтық талдамалық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу; бұйрықтардың жобаларына және басқа да актілерге құқықтық сараптама жүргізу; тексеру комиссиясының қызметін құқықтық қамтамасыз ету; талап арыздар беру жұмысын жүргізу; тексеру комиссиясының мүддесін сотта және басқа да мемлекеттік органдарда білдіру (қорғау); тексеру комиссиясының қаулысының орындалуына бақылауды ұйымдастыру; құқықтық сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды әзірлеу; аудиторлық іс-шараларды құқықтық қамтамасыз ету қызметі;аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасына бақылау жүргізуді жүзеге асыру; аудиторлық іс-шаралар бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдарға жолданған материалдардың қаралу қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу.

 

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану,халықаралық құқық).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1.                                уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;

2.                                тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте не электрондық почта мекен жайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы, не «e-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электрондық почта, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

 

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы