05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

19.12.2019 жылғы №02-02/16 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төраға міндетін атқарушы Ж.Кошмағамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Бюджет қаржысын және мемлекет активтерінің пайдаланылуы.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерін пайдаланылудың сәйкестігі.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі –Білім бөлімі), Қарақия ауданы әкімдігінің «Құрық балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорны (бұдан әрі қарай –Өнер мектебі).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маман – мемлекеттік аудитор А. Тұрғанбаев – топ жетекшісі (сертификат №1428), бас маман - бас мемлекеттік аудитор Б.Джаумитпаева (сертификат №1418) бас маман-аудитордың ассистенті – О. Нурмаганбетов жүргізді.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 31 желтоқсан аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Мекеме мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру және жергілікті тұрғындардың білім алудағы сұраныстарын қанағаттандыру, мектеп оқушыларына жан-жақты бағыттағы білім беру және тәрбиені дамыту бағдарламасын жасақтау, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерді қамқорлыққа алуды ұйымдастыру.

Кәсіпорынның басты міндеті жасөспірімдерді өнерге баулу, ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтарды дамыту жеке адамның қалыптасуына және жетілуіне бағытталған жағдайларды жасау.

Қарақия ауданында білім беру саласында 18 жалпы орта білім беру мектебі, 2 балаларға арналған өнер мектебі жұмыс жасайды.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Білім бөлімі мен Өнер мектебіне бөлінген бюджет қаржысыныңжәне мемлекет активтерінің пайдаланылуының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі бағаланды.

Білім бөлімі 2017 жылы 6 бюджеттік бағдарлама, 2018 жылы 5 бюджетттік бағдарлама бойынша қаржыландырылып, 609 751,2 мың теңге, 59 183,6 мың теңгегеактивтер қамтылды.

005.000 «Мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу» бюджеттік бағдарламасымен 231 351,0 мың теңге(2017 жылы -116 491,0 мың теңге; 2018 жылы -114 860,0 мың теңге)игерілген;

006.000 «Балаларға қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасымен 122 892,0 мың теңге (2017 жылы- 62392,0 мың теңге; 2018 жылы- 60 500,0 мың теңгеигерілген.

007.000 «Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу» бюджеттік бағдарламасымен 8 622,0 мың теңге (2017 жжылы - 4 162,0 мың теңге; 2018 жылы- 4 460,0 мың теңге игерілген.

015.000 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі» бюджеттік бағдарламасымен 8 256,0 мың теңге (2017 жылы-3 749,0 мың теңге; 2018 жылы-4 507,0 мың теңге) игерілген;

030.000 «Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу» бюджеттік бағдарламасымен 6 633,0 мың теңге (2017 жылы- 4371,0,0 мың теңге; 2018 жылы -2 262,0 мың теңге) игерілген.

040.000 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасымен 2017 жылы 230 097,0 мың теңге игерілген.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау,анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Білім бөліміндемемлекеттік аудитпен 609 751,0 мың теңге қаржы, 59 183,6 мың теңге активтер қамтылып, 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1- тармақ.Қазақтан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағдарламаларды «кіші бағдарламаларды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағы 11) бөлімінің талаптары сақталмай бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелері айқындалмаған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6-бабы, 4 тармағы, 8) тармақшасының талабы сақталмай, 1 тамызға дейін жеткізілуі тиіс оқулықтар мерзімінен кешігіп,8 -тамызда жеткізілген.

3-тармақ. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»Заңының 6-бабының 3-4-тармақтарының талаптары бұзылып, 2017 жылы оқулықтар алуға аударылған 231 351,0 мың теңге теңгебухгалтерлік есеп бойынша мекеменің есебіне алынбай тікелей шығысталған.

4-тармақ. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 7-бабы, 5-тармағының талаптары сақталмай,2017 жылғы «Айназ» балабақшасына 6-мемориалды ордер бойынша есепте тұрған1 900,0 мың теңге кредиторлық қарызы қаржылық есептілікте көрсетілмеген, қаржылық есептілігібұрмаланған.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 5 бабының, 4 тармағының талабы сақталмай,2018 жылымемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынабір айда (қараша айы) 2 рет өзгеріс енгізген.

6-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» N 393 бұйрығының 282 - тармағының талабы сақталмай, құны 2 000,0 мың теңгені құрайтын мекеме ғимаратының қоршауы ғимаратпен бірге есепке алынбай, бөлек 2360 шотына есепке алынған.

Өнер мектебінде121 366,0 мың теңге активтер қамтылып 13 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 6- бабы 2- тармағының талабы сақталмай, Кәсіпорынның Есеп саясаты бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнама талаптарына, халықаралық стандартқа және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алынып жасақталмаған. Негізгі құралдар, қорларды есепке алу тәртібі айқындалмаған.

Бекітілген 2008 жылғыЕсеп саясатына Заңнамаларға сәйкес өзгертулер енгізілмеген.

2- тармақ. Кәсіпорынның бухгалтерлiк есеп жүйесі есеп саясаты бойынша тиісті тәртiппен регламенттелмей, 19 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының (МСФО19)талаптары сақталмай, қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша Кәсіпорынның 2017 жыл аяғында 646,9 мың теңге,2018 жылдың аяғында 597,5 мың теңгерезерв есептелінбеген.

3- тармақ. Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 31 наурыз 2015жылғы «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту» туралы №241 бұйрығының 2-бабы, 9-тармағының талабы сақталмай, бас бухгалтерлердің лауазымынан ауысу кезінде істерді алу - тапсыру шаралары жүргізілмеген.

4- тармақ.«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 6- бабы 4- тармағының талабы сақталмай, Кәсіпорынмен операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiнің тәртiбi тиісті деңгейде жүргізілмей, 01.01.2019 жыл жағдайына 2013 жылдан бері есепте тұрған 17,6 мың теңге дебиторлық қарызды қайтару бойынша тиісті шаралар жүргізілмеген.

5 -тармақ.«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 7 –бабы 3- тармағы, 8 –бабы 2- тармақтарының талаптары сақталмай, жанар –жағар май көлемі жүрілген жол көлеміне сәйкес нормамен шығысталмаған, автокөлік жүрісін айқындайтын спидометрдің жұмыс жасамауы салдарынан 2017-2018 жылдары нақты 321,1 мың теңгеге берілген жанар –жағар май көлемі шығысталып, операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуы қамтамасыз етілмеген.

6 -тармақ.Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы N 185 бұйрығының 5- тарауы, 17- тармағының талабы сақталмай, 2018 жылы құны 65,0 мың теңгеніқұрайтын «1.С- 8 бағдарламасы» «материалдық емес активтер»шотына есепке алынбай, «өзге материалдар» шотына есепке алынған.

7-тармақ.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 – шілдедегі №319 – ІІІ ҚРЗ «Білім туралы заңының» 51 – бабы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 14.06.2013 жылғы №228 бұйрығымен бекітілген «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының» 36 – тармағы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығының талаптары бұзылып, кәсіпорында оқу ісінің меңгерушісі қызметін жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша жоғары білімі жоқ - А. Тоқпаева қызмет жасаған.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар Жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша 13 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарының сақталуын тиісті дәрежеде қамтамасыз етпеуі салдарынан бірқатар бұзушылықтар жіберілген:

-бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері айқындалмаған;

- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, мемлекеттік сатып алу туралы Заңыныңталаптары тиісті дәрежеде сақталмаған;

- педагогикалық білімі жоқ қызметкер оқу ісінің меңгерушісілауазымында жұмыс жасаған;

- жанар жағар май шығыстау нормаға сәйкес жүргізілмеген;

- қаржылық есептілік жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайылығы қамтамасыз етілмеген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН: 1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне және «Құрық балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қызыналық кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды.

2.Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысына (А.С.Кулбаеваға) 2020 жылдың 01 ақпанына дейін:

1)Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын, мемлекеттік сатып алу заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп, мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды;

2)Педагогтық лауазымдарға біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогикалық білімі бар кадрлармен қамтамасыз етілуін қадағалауды;

3) Құны 2 000,0 мың теңгені құрайтын мекеме ғимаратының қоршауын бухгалтерлік есепбойынша сәйкестендіруді;

3.Құрық балалар өнер мектебі (А.Т.Үскимбаеваға) 2020 жылдың 01 ақпанына дейін:

1)Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу, Білім беру заңнамаларынтиісті дәрежеде зерделеп, мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды;

2)Кәсіпорынның Есеп саясатын Заңнамаға сәйкестендіруді;

3)Жанар жағар майды пайдалануда тиісті Заңнама талаптарына сәйкес шығыстауды;

4) Оқу ісінің меңгерушісі лауазымын біліктілік талаптарына сәйкес жоғары педагогикалық білімі бар қызметкермен қамтамасыз етудіұсынамын.

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя