05/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

12 желтоқсан 2019 жылғы №02-02/14 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

Төрағасының м.а.

Ж.Кошмагамбетоваға

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігі аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындабюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігі.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (бұдан әрі –Кәсіпорын).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы Б.Ж.Корбаков (сертификат №1626).

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2017 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 30 маусымы аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: Білім алу үшін ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде тұлғаның қалыптасуына және жетілуіне бағытталған қажетті жағдайларды жасау болып табылады.

Кәсіпорын құрылтайшысы- Маңғыстау облысының әкімдігі. Кәсіпорының уәкілетті органы – «Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Қазіргі таңда, барлығы 613 студент білім алуда, олардың 243-і мемлекеттік білім тапсырысы негізінде, 370-і ақылы оқитындар, (олардың негізгі орта білімнен кейінгісі- 370, жалпы орта білімнен кейінгісі-222, ТжК орта білімнен кейінгі білім бойынша-21), бітірген студенттер саны- 202, жұмысқа орналасқандар саны- 84, (пайыздық әсері-41,5 %).

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Кәсіпорындамемлекеттік аудит жүргізуде қолданылған көрсеткіштер:

-Сәйкестік бойынша - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің «Техникалық және кәсiптiк білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» №215 санды 08.07.2016 жылғы, №145 санды 12.06.2017 жылғы, ,№114 санды 21.05.2018 жылғы Қаулыларымен әр оқу жылына мемлекеттік тапсырыс көлемі бекітілген.

2017 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 149 233,0 мың теңге бөлініп, 269 бала білім алған, орта есеппен әр балаға шаққанда шамамен оқу ақысы-554,7 мың теңгені құраған.

2018 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 143 965,0 мың теңге бөлініп, 268 бала білім алған, орта есеппен әр балаға шаққанда шамамен оқу ақысы-537,1 мың теңгені құраған.

2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 151 200,0 мың теңге бөлініп, 243 бала білім алған, орта есеппен әр балаға шаққанда шамамен оқу ақысы-622,2 мың теңгені құраған.

2.2.1.Анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 435,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 46 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы №413 санды «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының (одан әрі-«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы) 140-бабының 3-тармағы сақталмай, 2018 жылдың қорытындысы бойынша пайда болған жалпы сомасы 217,2 мың теңгені құрайтын таза табыстың бөлігі облыстық бюджет есебіне аударылмаған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы № 211 санды «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» бұйрығының мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартының 10,12-тармақтары сақталмаған. Яғни, асхана бөлмесін жалға алушы А.С.Берекет баланс ұстаушыға шарт бойынша жалдау мерзімінің аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде объектіні қайтаруды қамтамасыз етпей, 26.11.2019 жылға дейін қызмет атқарып келгені белгілі болды. Жалға алушының негізсіз пайдаланылған мерзіміне жалдау шарты бойынша төлем ақысы 139,9 мың теңге, коммуналдық қызмет ақысы 48,2 мың теңгені құраған.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы №18 санды 17.10.2016 жылғы шарттың 2-тармағының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 1 029,8 мың теңгені құрайтын коммуналдық қызмет ақысы жалға алушы А.С.Берекетпен төленбегендігі анықталды.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы №234 санды «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының (одан әрі-«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы) 6-бабының 3-тармағының талаптары бұзылып, Кәсіпорынның жарғылық капиталы қаржылық есептілікте 20 401,0 мың теңгеге негізсіз ұлғайтылып, 98 520,0 мыңтеңге көлемінде көрсетілген. Алайда, Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер енгізілмеген, жарғылық капитал ұлғаймаған, нәтижесінде қаржылық есептіліктің бұрмалануына жол берілген.

Сонымен қатар, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағы бұзылып, 2018 жылы бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiлмей, бұрмаланған қаржылық есептілікке жол берілген. Яғни, бухгалтерлiк есеп тiркелiмінде (журнал-ордер №6) кредиторлық қарыз –3 254,0 мың теңге болса, бухгалтерлік баланс бойынша - 2 879,0 мың теңге көрсетілген.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы № 202-V ҚРЗ санды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 4-тармақшасының талаптары орындалмай, Кәсіпорын атауы 19.11.2012 жылы өзгертілсе де, өзгерістер туындаған кезден бастап «Білім беру саласындағы қызметі» туралы мемлекеттік лицензиясын 19.06.2019 жылға дейін рәсімделмеген,ал «Медициналық қызметі» туралы мемлекеттік лицензиясы бүгінгі күнге дейін қайта ресімделмей, қызмет атқарып келгендігі белгілі болды.

5-тармақ. 2017-2018 жылдары«Мемлекеттік мүлік туралы» туралы Заңының 146-бабының 2-тармағы сақталмай, Кәсіпорын өткізетін қызметтердің бағалары тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен келісіліп бекітілмеген.

6-тармақ. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 26-шы тармағы және 16.01.2017 жылғы №12 санды және 22.01.2018 жылғы №4 санды орта білімнен кейінгі ТжКББ қамтамасыз ету үшін жасақталған шарттарының 4.1-тармағының талаптары сақталмай, Кәсіпорынмен ұсынылған көрсетілген қызмет туралы акттердегі дәрістер көлемі, нақты өткізілген дәрістер көлеміне сәйкес келмейтіні анықталды. Яғни, Кәсіпорынмен көрсетілген қызмет туралы акттерде шынайы ақпарат ұсынылмаған.

7-тармақ.«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 8-бабы сақталмай, Кәсіпорынның есеп саясаты (уәкілетті органмен келісілмеген) Кәсіпорын басшысымен бекітілмеген.

8-тармақ. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 6-бабының 3,4-тармақтарының талаптары бұзылып, 2017-2018 жылдары кітаптар үшін аударылған қаржы тікелей шығысталған, нәтижесінде жалпы сомасы 2 011,4 мың теңгені құрайтын 608 дана кітап қоры бухгалтерлік есепте танылмаған, баланста көрсетілмеген.

9-тармақ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017 жылғы № 611 санды «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 34,55,56,94,98-тармақтарында көзделген талаптары сақталмай: жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, су жылытқыш құралдармен жабдықталмаған, жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан жатын бөлме қарастырылмаған, бір жатын бөлме 3-тен жоғары төсек-орынмен жабдықталған және жатахана бөлмелерінде термометрлер орнатылмаған.

10-тармақ. Қазақстан Республикасының 26.07.2007 жылғы №310 санды «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабының 5-тармақшасы, 9-бабының 1-тармағының талаптары бұзылып, Кәсіпорын ғимаратына қосалқы ғимарат (студенттердің сырт киім шешетін орны) жалпы аумағы 51,3 шаршы метр салынса да, тиісті өзгерістер енгізілмеген, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тіркеуден өткізбеген.

11-тармақ.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 07.03.2012 жылғы № 97 санды «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Бұйрығының 3,4,5,6,7,11,18,23,25-тармақтары сақталмай, сахна жабдығы, дене тәрбиесі оқытушыларының кабинеті, спорт бұйымдары мен жабдықтарын сақтауға арналған орын жайлары, спорт залына арналған жабдықтар, спорт алаңы жабдықтары, шет тілі кабинеті, алғашқы әскери дайындық кабинеті, тәуліктік кезекшінің міндеттерін практикалық зерделеуге арналған орын, орыс тілі кабинеті, химия кабинеті жабдықтар мен жиһаздармен жабдықталмаған.

12-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы № 434 санды «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 7-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 санды «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17-тармағы бұзылып, 2017-2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 13 058,0 мың теңгеге мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделмеген 31 бірлік тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алғаны белгілі болды.

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал: Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасына, Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасына, Маңғыстау облысының Әділет департаментіне жолданды.

Жалпы сомасы 217,1 мың теңгені құрайтын таза табыстың бөлігі тиісті бюджетке қайтарылды.

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіш бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 435,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 46 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Кәсіпорынның есеп саясаты уәкілетті органның келісімі бойынша бекітілмеген, таза табысының тиесілі бөлігі уақтылы облыстық бюджетке аударылмаған.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы, бюджеттік заңнамалардың сақталмауынан жіберілген: жарғылық капитал көлемі, кредиторлық берешек қаржылық есептілік бұрмаланып көрсетілген, есеп саясаты бекітілмеген.

Кәсіпорынмен көрсетілетін қызметтің бағасы (оқу ақысы) тиісті органмен бекітілмеген, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы бойынша жасақталған шарттың техникалық ерекшелікке сәйкестігі қадағаланбаған.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) шарты бойынша қаржы тиісті бюджетке түспеген.

Кәсіпорын білім беру объектісі ретінде санитариялық-эпидемиологиялық, жабдықтармен және жиһаздармен жарақтандыру талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындау бойынша Кәсіпорынмен көрсетілген қызмет туралы акттерде шынайы ақпарат ұсынылмаған. Алайда, Маңғыстау облысы әкімдігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы қаулыларымен бекітілген оқушылар саны нақты оқытылған оқушылар санына сәйкес келеді. Яғни, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындау бойынша шарттар жасау барысында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасымен қызмет түрі бірлігі анық таңдалмаған (Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулыларына сәйкес оқушы саны көрсетілсе, шарттар жасауда дәріс саны белгіленген).

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына 2020 жылдың 03 ақпанына дейін (Ә.Ә.Сағымбаев):

1)«Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында анықталған бұзушылықтарға назар аударып тиісті шаралар алуды, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды;

2)Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы шарттарды жасақтауда қызмет түрі бірлігін нақты айқындауды ұсынамын.

3.«Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына 2020 жылдың 02 маусымына дейін (С.Насиголлакызы):

1)«Медициналық қызмет» туралы мемлекеттік лицензияны қайта рәсімдеуді;

2)Кәсіпорынның есеп саясатының уәкілетті органмен келісіліп, басшысымен бекітілуін қамтамасыз етуді;

3)Кәсіпорынды білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және тиісті жабдықтармен жарақтандыру нормаларына сәйкестендіру бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;

4)Мемлекеттік мүлікті (асхана бөлмесі) мүліктік жалға беруді тиісті заңнамаға сәйкестендіруді ұсынамын.

4.Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен анықталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша тиісті шешім қабылдау үшін Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментіне жолдауға.

Жалғама: жиынтық тізбе - 4 бетте.

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя