19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының 20.12.2018ж. №02-02/15

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаржысының орындалуының сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндежергілікті бюджет қаржысының орындалуының сәйкестігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме).

1.4. Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаубөлімініңбас маман – бас мемлекеттік аудиторлары А.О. Рзамбек (сертификат №0165) пенбас маман А.Тұрғанбаев (сертификат №1422) жүргізді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 шілдесінен – 2018 жылдың 30 қыркүйегі аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

«Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Аудан ішіндегі қоғамдық жолаушылар қозғалысын, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, коммуникацияларды, аудандағы тұрғын үйді мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Маңғыстау ауданы аумағында 272 шақырым республикалық дәрежедегі автокөлік жолы, 242,6 шақырым облыстық дәрежедегі автокөлік жолы және 298,6 шақырым аудандық дәрежедегі автокөлік жолдары бар.

Осы аудандық дәрежедегі 298,6 шақырым автомобиль жолдарының 120 шақырымы асфальтобетон қосындысы бар қатқыл табанды, ал 178,6 шақырымы жартылай қиыршық тасты құрайды.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға және (немесе) экономика саласына, әлеуметтік-экономикалық дамуға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Мемлекеттік аудитпен «Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіқамтылды.

Мемлекеттік аудит объектісінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарынжүзеге асыру барысында орын алған.

«Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаржысының орындалуына жүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 25 623,12 мың теңге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- бюджетке өтелуге жататыны – 5 566,62 мың теңге;

- қалпына келтірілуге жататыны – 20 056,5 мың теңге.

Сонымен бірге, саны 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектісінде келесідей бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алған:

1-тармақ. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 30.12.2014 ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 28-тармағының, 9-тармағының 4) тармақшасының және 15-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған және бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған.

2-тармақ.2017 жылы 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не «Маңғыстау жылу, су» МКК-ның жарғылық капиталын ұлғайту үшін жалпы сомасы 25 000,0 мың теңге бөлінген. «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің 04.08.2017 ж. №5-09-876 экономикалық қорытындысына сәйкес, 065 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Маңғыстау жылу, су» МКК-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы кәсіпорын қызметінде пайдалану үшін арнайы техникалар алу көзделген.

«Маңғыстау жылу, су» МКК-мен жалпы сомасы 12 194,0 мың теңгеге «Газель» автокөлігі, МТ тракторы және дәнекерлеуші құралы (сварочный аппарат) сатып алынған.

Қалған сатып алуы көзделген құмды таратқыш тіркеме (прицеп пескоразбрасыватель), КО-522Б ГАЗ-3309 ассенизаторы, отвал, щетка, дәнекерлеу генераторы, электр станциясы, дизель электростанциясы және компрессор сатып алынбаған.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ҚР Бюджет кодексінің 32-ші бабының 8-ші тармағының талабы және 4-ші бабымен көзделген нәтижелілік және бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаттарысақталмаған.Яғни, жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлінген12 806,0 мың теңгебюджет қаражатыөзінің нысаналы бағытына жұмсалмағаны анықталды.

«Маңғыстау жылу, су» МКК-ның есебі бойынша 12806,0 мың теңге ағымдағы шығындарға жұмсалған (салықтар, еңбек ақы және т.б. шығындар).

3-тармақ. Мекеменің 2016-2017 жылдары жүргізілген жұмыстарын тексеріп қарау барысындакелесі келісім шарттардыңҚазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 23-тармағының талаптарына сай келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда:

- «Ақжол құрылыс» ЖШС-мен жүргізілген жалпы сомасы 221654,1 мың теңге «Сай-Өтес селосының автожолдар құрылысын салу» жұмыстары бойынша объектіні пайдалануға қабылданған актісінде көрсетілген 59 дана жол белгілерінің22 данасы (жалпы сомасы 376,8 мың теңге) орнатылмаған;

- «Алтынқұрық» ЖШС-мен орындалған жалпы сомасы 276 640,0 мың теңге «Қызан ауылының автокөлік жолдары құрылысы» бойынша86 дана жол белгілерінің 8 данасының қойылмағандығы және жұмыстың сапасыз орындалуы себепті суағардың 1 бетон конструкциясының құлап қалғандығы анықталды. Жұмыстар қабылданып, келісім-шарт бойынша қаражат толықтай аударылған. Ақау актісіне сәйкес, келісім-шарт талаптары бойыншақалпына келтіруге жататын жұмыстар көлемі 76,5 мың теңгені құрайды;

- «Нұрлы Жол» ЖШС-мен жүргізілген жалпы сомасы 127601,6 мың теңге «Шетпе – Онды – Үштаған селоларына ТБЖ (телефонизация) құрылысы» бойынша кабельдің бағытын көрсететін бағаналардың 17 данасы орнатылмаса да (66,3 мың теңге), жұмыстар қабылданып, қаражат толық аударылғаны анықталды.

4-тармақ. 27.07.2017 жылғы №23 келісім-шарт бойынша «МЖҚМК» АҚ-мен орындалған жалпы сомасы 141 120,0 мың теңге «Тұщықұдық-Шебір» аралығындағы ұзындығы 12,9 шқ автокөлік жолын орташа жөндеу» жұмыстарын қарау барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 664 және 665 баптарының талаптары сақталмай, жұмыстардың сапасыз орындалуы себепті автожолға төселген битум мен қиыршықтас жабындысынан тұратын жолдың үстіңгі қабатының 85%-ның қиыршықтас фракциясының ұшып, жолды пайдалануға теріс әсерін беретін өзгерістерге ұшырағандығы анықталды.

Аудит жүргізілген күнге 13.09.2017 ж. объектіні пайдалануға қабылдау актісі бойынша қабылданған жұмыстар 34 000,0 мың теңгеге қаржыландырылған. Қалған сома қаржы жылында бюджетке секвестр жасалуына байланысты аударылмаған.

Ақау актісіне сәйкес, келісім-шарт талаптары бойыншақалпына келтіруге жататын жұмыстар көлемі 19 536,9 мың теңгені құрайды.

5-тармақ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 654-бабының 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 16.07.2011 ж. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, жүргізілген құрылыс жұмыстары бойынша сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 5 566,62 мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

III. Жиынтық бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жүргізілген жұмыстар бойынша сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы

1 714,35мың теңгебюджетке қайтарылған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар: Мемлекеттік аудит объектісінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарынжүзеге асыру барысында орын алған.

«Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаржысының орындалуына жүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 25 623,12 мың теңге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- бюджетке өтелуге жататыны – 5 566,62 мың теңге;

- қалпына келтірілуге жататыны – 20 056,5 мың теңге.

Сонымен бірге, саны 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектісінде келесідей бұзушылықтар анықталды:

- аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған және бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған;

- 2017 жылы «Маңғыстау жылу, су» МКК-на жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлінген қаражаттың 12 806,0 мың теңге сомасының көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін бағытталуы және пайдаланылуы қамтамасыз етілмеген;

- орындалған жұмыстарды тексеріп қарау барысында жол белгілерінің 30 данасының және 17 дана кабельдің бағытын көрсететін бағаналардың жетпейтіні анықталды;

- сонымен қатар, тапсырыс берушімен сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 5 566,62 мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардыңбасым бөлігі Мекеменің лауазымды тұлғаларымен орындалған жұмыстарды қабылдау тиісті талаптарға сай жүргізілмеуі, яғни, орындалған жұмыс актілерін рәсімдеу формальді түрде жасалуы себепті орын алғанын көрсетеді.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаржысының орындалуына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Калиев)2019 жылдың 31қаңтарына дейін:

1)Жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген бюджет қаржысының мақсатына сай жұмсалуына бақылауды күшейтуді;

2) Тексеру комиссиясының 30.11.2018ж. аудиторлық есебінде көрсетілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді талқылау үшін және бұдан әрі оларды болдырмау мақсатында Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, тиісті шаралар қабылдауды ұсынамын.

3. Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2019 жылдың 31қаңтарына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

4.«Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіменжалпы сомасы

1 714,35мың теңгеқаражаттың бюджетке өтелгендігін ескеруді ұсынамын.

3.4. Қосымша: ( парақ)

 

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя