19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

19.10.2018 жылғы №02-02/11 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаржысының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына бөлінген бюджет қаржысының орындалуының тиімділігіне және сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектілері:

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма).

«Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (одан әрі – Кәсіпорын).

«Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы» коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).

1.4.Мемлекеттік аудит Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы Х.Джанаева (сертификат№0161), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы Б. Джаумитпаева (сертификат №1418), ассистент – Б.Қорбақовпен жүргізілді.

1.5. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 30 маусым аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың миссиясы - қазақтың ұлттық бай өнері мен мәдениетін, сондай-ақ аймақта тұратын ұлттар мәдениетін дамытуға, азаматтарды өнегелік және эстетикалық тәрбиелеуге, облыстың мәдени өмірі саласына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жөнінде ой тастауға ықпал ету болып табылады.

Міндеттері: мәдениет және өнер саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға; ұлттық мәдениетті түлетуді, тарихи – мәдени ескерткіштерді сақтау және пайдалану, фестиваль, конкурс өткізу, шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес ұйымдармен өз-ара іс-қимыл жасау.

Басқармаға қарасты 2 (екі) мемлекеттік мекеме, 9 (тоғыз) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қызмет етеді:

1) «Маңғыстау мемлекеттік тарихи – мәдени қорық» мемлекеттік мекемесі.

2) «Қ. Сыдиыков атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» мемлекеттік мекемесі. Осы 2 (екі) мемлекеттік мекемені қаржыландыру дербес жүргізіледі.

1) Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драма театры,

2) Маңғыстау облыстық қуыршақ театры,

3) М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония,

4) Бейнеу музейі,

5) Мемориалдық музей,

6) Музей кешені,

7) Отпан тарихи-мәдени кешені,

8) облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы,

9) Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі.

9 (тоғыз) кәсіпорынның қаржыландырылуы Басқарма арқылы субсидия негізінде жүргізіледі.

Аудиторлық іс-шара шеңберінде М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония және Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына сәйкестік аудиті жүргізілді.

2018 жылы қол жеткізілген жетістіктері:

2018 жылдың наурыз айында Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драма театр ұжымы Могилев қаласында (Беларусь Республикасы) өткен «M.art.контакт-2018» ХІІІ Халықаралық жастар театр форумы фестивалінде Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» драмасын сахыналап, қазақ сахына өнерінің биік деңгейін көрсететін туынды болып қазылар алқасымен жоғары бағаланған.

М. Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблі Ашхабад қаласында өткен түркі тілдес халықтардың Наурыз мерекесіне қатысып, жоғары орынмен марапатталған.

«Болашаққа қадам: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласында (21-22 мамыр) күндері өткен «Рухани қазына» фестивалінде «Маңғыстау облыстық тарихи-өлкен тану музейі» «Үздік маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясына ие болған.

Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Мәскеуде (19-22 мамыр) өткен VІІІ Халықаралық «Театр кукол без границ» фестивалінде «Жанаұялық қаралымдағы ең кішкентай көрермендердің үздік спектакелі» номинациясына ие болған, нәтижесінде 2019 жылы Шуман қаласында (Болгария) өтетін Халықаралық фестиваліне шақырту алған.

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың орындалуының тиімділігін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

М. Өскінбаев атындағы облыстық филармониясына және Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына сәйкестік аудиті жүргізілді.Сәйкестік аудиті бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша:

1) Базалық көрсеткіш- тиімділік – Маңғыстау облысының мәдениет басқармасына бөлінген қаражаттың жоспарланған және алынған нәтижелерінің арақатынасы;

Арнайы көрсеткіш –бюджет қаражысының игерілуі, тиімді басқаруы.

Базалық көрсеткіш – «нәтижелілік» – Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге бағытталған субсидиялардың жоспарлы және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Арнайы көрсеткіш: Мәдени іс-шаралар қызмет құнының қол жетімділігі, мәдени ұйымдарына келушілер санынының артуы, меншікті кіріс көлемінің ұлғаюы (өткен кезеңмен салыстырғанда).

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау.

2016 жылыБасқарма қызметі 7 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылған.

1. 001 «Жергілікті деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты – жүктелген функциялардың неғұрлым тиімді орындалуына қол жеткізу үшін мәдени басқарма аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

4 - маманның біліктілігін арттыру, нақты 8 маман біліктілігін арттырған;

мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру жоспар -1, нақты орындалысы -2;

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру. Бұл қызмет түрімен байланысты өтініш келіп түспеген.

Түпкілікті нәтижеге - мәдениет саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін мәдениет басқармасы аппаратымен қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

2. 003«Мәдени көпшілік жұмыстарды қолдау» бюджеттік бағдарламасының мақсаты - мәдениет саласында мемлекет саясатын қолдау, тиімді іске асыру, классикалық және халықтық өнердің үздік шараларын қолдау, кино өнерін насихаттау. Жеке аудитпен қамтылды.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Киносеанс саны - жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілген (жоспар- 1023, орындалысы -1137);

Облыста өткізілетін әлеуметтік маңызды мәдениет іс – шаралар саны қол жеткізілген (жоспар- 36, орындалысы - 40);

жоспар бойынша 2 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 13 маман біліктілігін арттырған;

Түпкілікті нәтижеген қол жеткізілген. Өңірдегі халықтың мәдениет және рухани деңгейін көтеру, жоспарланған әлеуметтік маңызды мәдениет іс – шаралар өткізілген, нәтижеге қол жеткізілген.

3. 005«Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: - тарихи және мәдени мұраны сақтау және дамыту. (бұл бюджеттік бағдарлама бойынша 5- музейге берілетін субсидия жоспарланған: Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейі, Бейнеу музейі, Мемориалдық музейі, Музей кешені, Отпан тарихи-мәдени кешені).

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

тарихи және мәдени мұраға жүргізілетін реставрациялық жұмыстар бойынша 4 объектіні қамту жоспарланып орындалған. «Атман», «Айғыр», «Нұрмағамбет» және «Елиқажы» тарихи – мәдени объектілерінде ғылыми - реставрациялық жұмыстар жүргізілген:

экскурсия жүргізу саны: жоспар – 2098, орындалысы – 2706.

музейге келушілер саны: жоспар – 62295, орындалысы – 73632.

жоспар бойынша 8 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 39 маман біліктілігін арттырған, оның ішінде үнемделген қаржы есебінен және ақысыз оқулар ұйымдастырылған.

Түпкілікті нәтижеге - тарихи және мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

4.007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 кәсіпорын қызметіне субсидия жоспарланған: ( Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы, Жантөрин атындығы драма театры, Қуыршақ театры. Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы жеке аудитпен қамтылды, жоғарыда айтылды).

Мақсаты: театр және музыкалық өнер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстанның мәдениеттегі және өңірдегі орындаушылардың шығармашылық жетістіктерін көпшілікке тарату.

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

жоспарланған спектакль саны орындалған. (жоспар -415, орындалысы -443);

концерт саны - жоспар - 230, орындалысы – 245;

жоспар бойынша 6 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 19 маман біліктілігін арттырған, оның ішінде үнемделген қаржы есебінен және ақысыз оқулар ұйымдастырылған.

Түпкілікті нәтижеге - театр және музыка өнерінің жұмыс жасауы қамтамасыз етілген, қол жеткізілген.

5.011«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты - мемлекеттік органның материалды техникалық базасын жақсарту. Тікелей нәтиже көрсеткіші:

4- материалдық актив сатып алу көзделген, орындалған -компьютерлер сатып алынған.

Түпкілікті нәтижеге - мемлекеттік органның материалды техникалық базасын нығайту қамтамасыз етілген, қол жеткізілген.

6.015«Аудан бюджеттеріне мақсатты ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты – тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Тікелей нәтиже көрсеткіші:

1) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу 11 – объектіде жоспарланып, орындалған. Аудандардағы мәдениет бөлімдерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген;

2) жұмыс орнын құру - 36 орын, орындалысы -34, еңбекақының төмендігінен және жұмыс орнының уақытша болуы себепті орын алған.

Түпкілікті нәтижеге – халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

7.122 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінің есебінен қызметті жүзеге асыру үшін басқа деңгейдегі мемлекеттік органдардың деңгейіне аударымдар» бюджеттік бағдарламасының мақсаты– тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

1) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 – объект жоспарланған, орындалған;

2) жұмыс орнын құру - 3 орын, орындалысы -3.

Түпкілікті нәтижеге – халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, қол жеткізілген.

2017 жылыБасқарма қызметі 5 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылған:

1.001«Жергілікті деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының мақсаты – жүктелген функциялардың неғұрлым тиімді орындалуына қол жеткізу үшін мәдени басқарма аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

6 - маманның біліктілігін арттыру, нақты 8 маман біліктілігін арттырған;

мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру жоспар -3, нақты орындалысы -3;

Түпкілікті нәтижеге - мәдениет саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін мәдениет басқармасы аппаратымен қамтамасыз ету жүргізілген, қол жеткізілген.

2.003«Мәдени көпшілік жұмыстарды қолдау» бюджеттік бағдарламасының мақсаты - мәдениет саласында мемлекет саясатын қолдау, тиімді іске асыру, классикалық және халықтық өнердің үздік шараларын қолдау, кино өнерін насихаттау. Жоғарыда айтылғандай, жеке аудитпен қамтылды.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Киносеанс саны жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілген (жоспар- 1424, орындалысы -1424);

Киноға келушілер саны 23842, орындалысы – 24895;

облыста өткізілетін әлеуметтік маңызды мәдениет іс – шаралар санына қол жеткізілген (жоспар- 37, орындалысы - 40);

жоспар бойынша 3 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 4 маман біліктілігін арттырған;

Түпкілікті нәтижеген қол жеткізілген. Өңірдегі халықтың мәдениет және рухани деңгейін көтеру, жоспарланған әлеуметтік маңызды мәдениет іс – шаралар өткізілген, нәтижеге қол жеткізілген.

3. 005 «Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасының мақсаты: (5- музейге берілетін субсидия: Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейі, Бейнеу музейі, Мемориалдық музейі, Музей кешені, Отпан тарихи-мәдени кешені).

Мақсаты - тарихи және мәдени мұраны сақтау және дамыту.

Тікелей нәтиже көрсеткіштері:

Музейге келушілердің 1000 адамға орташа саны – 96,4 адам, нақты – 111,9 адам.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны 449 -ға жоспарланған, орындалған.

Тарихи және мәдени мұраға жүргізілетін реставрациялық жұмыстар бойынша 2 объекітіні қамту жоспарланған, орындалған: Жамбауыл және Мұрын жырау объектілеріне реставрация жүргізілген.

экускурсия жүргізу саны: жоспар – 2543, орындалысы – 2800.

музейге келушілер саны: жоспар – 64590, орындалысы – 73746.

жоспар бойынша 18 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 18 маман біліктілігін арттырған.

Түпкілікті нәтижеге - тарихи және мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

4.007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша: (Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы Жантөрин атындығы драма театры, Қуыршақ театры. Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы жеке аудитпен қамтылды).

Мақсаты: театр және музыкалық өнер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстанның мәдениеттегі және өңірдегі орындаушылардың шығармашылық жетістіктерін көпшілікке тарату.

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

Театрға келушілердің 1000 адамға шаққанда орташа саны – 91,8, орындалысы – 103,2;

Концерттік ұйымдардарға барушылардың 1000 адамға шаққанда орташа саны 78,9, орындалысы -87,7;

спектакль саны орындалған. (жоспар -419, орындалысы -464);

концерт саны - жоспар - 241, орындалысы – 248;

театр және концерттік ұйымдарға келушілер саны жоспар -114 450, орындалысы – 125758 көрермен.

жоспар бойынша 6 - маманның біліктілігін арттыру көзделген, нақты 18 маман біліктілігін арттырған.

Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген. Халықтың мәдени-рухани деңгейін көтеру мақсатында театрландырылған және концерттік, мәдени-демалыс ұйымдары жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.

011«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты - мемлекеттік органның материалды техникалық базасын жақсарту.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: 9- материалдық актив сатып алу көзделген, компьютерлер сатып алынған, орындалған.

Түпкілікті нәтижеге - мемлекеттік органның материалдық техникалық базасын нығайту қамтамасыз етілген, қол жеткізілген.

5.032«Бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының мақсаты – материалдық техникалық базасын жақсарту.

Тікелей нәтиже көрсеткіші:

1) 472 дана әртүрлі музыкалық аспаптар- материалдық актив сатып алу көзделген, 611 дана сатып алынған, артығымен сатып алу мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы есебінен жүзеге асырылған.

Түпкілікті нәтижеге - мемлекеттік органның материалдық техникалық базасын нығайту қамтамасыз етілген, қол жеткізілген.

2016жылы жоспарланған 1 125 393,2 мың теңгенің 1 124 263,5 мың теңге қаржысы игерілген, игерілмегені -1 129,6 мың теңге, оның 1 076,0 мың теңгесі 005 «Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасымен субсидия бойынша Отпан тарихи-мәдени кешенінде - мемлекеттік сатып алу нәтижесімен үнемделген қаржы.

2017 жылы жоспарланған 1 167 712,8 мың теңгенің 1 158 873,7 мың теңгесі игерілген. Жыл соңында 8 839,0 мың теңге қаржы игерілмеген: 279,6 мың теңге -үнемделген қаржы, 8 559,4 мың теңге игерілмеген, себебі жыл соңында қолма қол қаражаттың болмауынан орын алған.

Қолма қол қаражаттың болмауынан игерілмеген қаржы келесі бюджеттік бағдарламалар бойынша орын алған:

001 «Жергілікті деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 1 578,7 мың теңге. Көрсетілген қызмет пен жұмыстардың ақысы төленбеген.

003«Мәдени көпшілік жұмыстарды қолдау» бюджеттік бағдарламасының - 429,0 мың теңге, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына субсидия берілмеген.

005«Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 2 270,5 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:

311 «Субсидия» ерекшелігі бойынша 2 084,5 мың теңге игерілмеген, субсидия 3 музейге берілмеген (Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейіне – 1 596,0 мың теңге; Музей кешеніне – 211,0 мың теңге; Отпан тарихи-мәдени кешеніне – 277,5 мың теңге).

418 «Материалдық техникалық қамтамасыз ету» – ерекшелігі бойынша 186,0 мың теңге.

007«Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша игерілмегені – 3 591,0 мың теңге. (Жантөрин атындығы драма театрына -3 277,0 мың теңге, Қуыршақ театрына - 314,0 мың теңге субсидия берілмеген).

032«Бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 687,8 мың теңгеигерілмеген, «418» материалдық техникалық қамтамасыз ету ерекшелігі бойынша сатып алынған негізгі құралдардың ақшасы төленбеген.

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда қаржыландыру жоспарының көлемі 3,7% - ға өскен (2016 жылы -1 125 393,2 мың теңге; 2017 жылы -1 167 712,8 мың теңге).

Бюджеттік бағдарламалардың негізгі көрсеткіштері 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда оң өзгеріске бағытталған. Атап айтқанда,

003«Мәдени көпшілік жұмыстарды қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші, киносеанс көрсету саны -1137 - ден 1424-ке дейін көбейген;

005«Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасының көрсеткіші Тікелей нәтиже көрсеткіші - экскурсия жүргізу саны 2706 –ден 2800 –ге дейін, музейге келушілер саны 73632 –ден 73746 –ға дейін көбейген.

007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері: спектакль саны 443 –тен 464-ке дейін, концерт саны 245 – тен 248-ке дейін көбейген.

Айта кететін жайт, 2017 жылы жоспарланған субсидия толық бөлінбегендіктен, кәсіпорындарға 6 104,5 мың теңге субсидия берілмеген: 429,0 мың теңге - Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығына, 2 084,5 мың теңге - 3 музейге (Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейіне – 1 596,0 мың теңге; Музей кешеніне – 211,0 мың теңге; Отпан тарихи-мәдени кешеніне – 277,5 мың теңге), 3 591,0 мың теңге 2 театрға (Жантөрин атындығы драма театрына -3 277,0 мың теңге, Қуыршақ театрына - 314,0 мың теңге).

Субсидиялар бөлінісі:

005«Тарихи және мәдени мұраны сақтау және оларға қол жеткізу» бюджеттік бағдарламасымен 5- музейге:

2016 жылы жергілікті бюджеттен 259 591,5 мың теңге, республикалық бюджеттен 48 198,2 мың теңге (еңбекақыны көтермелеуге) субсидия бөлінген, қаржыландырылған. (Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейі – 121 554,9 мың теңге, Бейнеу музейі – 33 791,4 мың теңге, Мемориалдық музейі -55 086,1 мың теңге, Музей кешені – 26 364,3 мың теңге) Отпан тарихи-мәдени кешені -70 993,0 мың теңге)).

2017 жылы 240 378,2 мың теңге бөлініп, 238 293,7 мың теңге қаржыландырылған: (Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейі – 95 824,2мың теңге), Бейнеу музейі- 33 302,0 мың теңге), Мемориалдық музейі – 27 421,0 мың теңге), Музей кешені – 27 656,0 мың теңге) Отпан тарихи-мәдени кешені – 54 090,5мың теңге)).

Қолма қол ақшаның болмауына байланысты жыл соңында 2 084,5 мың теңге субсидия 3 музейге берілмеген (Маңғыстау облыстық тарихи өлке тану музейіне – 1 596,0 мың теңге; Музей кешеніне – 211,0 мың теңге; Отпан тарихи-мәдени кешеніне – 277,5 мың теңге). Берілмеген субсидия 2018 жылы да берілмеген.

2018жылдың 1- жарты жылдығында 168 287,0 мың теңге субсидия бөлінген, қаржыландырылған.

007«Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасымен Жантөрин атындығы драма театрына, Қуыршақ театрына,М. Өскінбаев атындағы облыстық филармониясына 2016 жылы жергілікті бюджеттен 198 758,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 60 017,2 мың теңге (еңбекақыны көтермелеуге) субсидия бөлінген, толық қаржыландырылған. (Жантөрин атындығы драма театрына - 200 442,8 мың теңге, Қуыршақ театрына – 58 332,4мың теңге;

2017жылы жергілікті бюджеттен 289 291,0мың теңге бөлініп, 285 700,0 мың теңге қаржыландырылған.

Қолма қол ақшаның болмауына байланысты жыл соңында 3 591,0 мың теңге субсидия берілмеген (Жантөрин атындығы драма театрына -3 277,0 мың теңге, Қуыршақ театрына - 314,0 мың теңге).

Субсидия және меншікті кіріс көлемін талдау.

2017 жылы алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда:

- музейлерге берілетін субсидия көлемі 307 789,7 мың теңгеден 240 378,2 мың теңгеге дейін азайған (67 411,5 мың теңге немесе 21% -ға).

- театрға берілетін субсидия көлемі 446 031,0 мың теңгеден 504 312,0 мың теңгеге көбейген (58 281,0 мың теңге немесе 13% -ға).

Субсидия көлемі өзгергенімен (музейлерге азаюы, театрға көбеюі) тұрғындар үшiн мәдени іс-шаралардың қол жетімділігін қамтамасыз етілуі сақталған.

Кәсіпорындардың меншікті кіріс көлемі оң өзгеріске бағытталған:

2017 жылы алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда:

- музейлердің меншікті кіріс көлемі 3 920,0 мың теңгеден 4 237,0 мың теңгеге дейін көбейген (8% -ға).

- театрлардың меншікті кіріс көлемі 28 577,0 мың теңгеден 30 577,0 мың теңгеге көбейген (6,9% -ға).

Халықтың театр, концерттік ұйымдар, музейлер, мәдени-демалыс ұйымдарына келушілер саны оң бағытқа өзгерген, 2017 жылы алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда:

- музейлерге келушілер саны 2016 жылы 73632 адамнан 73 746 адамға дейін көбейген.

-театр және концерттік ұйымдарға келушілер саны 114 450 көрерменнен 127 758 көрерменге көбейген.

- спектакль саны арттқан 443 тен 464 ке

- концерт саны 245 тен 248 ге дейін артқан.

 

Басқармада және оған бағынысты 2 (екі) Кәсіпорында жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 13 946,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 44 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. 1-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, Басқарма ғимараты ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 166,0 мың теңгеге 19 литрлік құтыдағы ауыз суды қосымша сатып алуға қаражат шығысталған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 44- бабының 3-тармағы талаптары бұзылып, 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жалпы сомасы 6 185,6 мың теңге сыйақы берілген (Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығында – 1 188,7 мың теңге, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында – 3 429,7 мың теңге, Басқармада – 1 567,2 мың теңге).

Нәтижесінде, Бюджет жүйесінің бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты бұзылған, яғни бюджеттік бағдарламамен көзделген нәтиже көрсеткіші (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбек ақысының деңгейін арттыру) сақталмаған.

3 -тармақ. 2017 жылы жасақталған жалпы құны 7 420,0 мың теңгені құрайтын 8 қорымның жобалық-сметалыққұжаттамалары (ЖСҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 санды «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 21- тармағына сәйкес, активтер ретінде есепке алынбай шығысталған, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №325 бұйрығының 3- тармағының талабы бұзылып, 2017 есепті жылғы қаржылық есептілікті жасақтау кезінде жүргізілген операциялардың толықтығы мен шынайылығы қамтамасыз етілмеген. Шығысталған ЖСҚ–лар бойынша реставрациялық жұмыстар басталмаған.

Жоғарыда аталған 1-3 тармақтарда көрсетілген қаржылық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен бюджеттік және басқа да заңнамаларды тиісті дәрежеде сақтамауынан орын алған.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 158-ші бабының 1-ші тармағының және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 3-тармақшасының (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу Заңы) талаптары бұзылып, 2016-2017 жылдары «Open Space - контентпен басқару жүйесіне» техникалық қолдау қызметі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен 2 (екі) жағдайда жалпы сомасы 2400,0 мың теңгеге мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған.

5- тармақ. 2017 жылы Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағында, Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексінің» 158-бабының 1-тармағында және Мемлекеттік сатып алу Заңының 39-бабының 3-тармағының 1-тармақшасында көзделмеген жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы телефон байланыс қызметін сатып алған.

6- тармақ. Басқармамен 2017 жылы 2 жағдайда жалпы сомасы 735,8 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасақтауды (ЖСҚ) сатып алуда Мемлекеттік сатып алу Заңының 37-бабының 4-тармағының талаптары бұзылып, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңнамасына сәйкес рұқсат алуды талап ететін жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға тиым салынғандығына қарамастан, баға ұсынысына сұрау салу тәсілімен сатып алған.

7-тармақ. Басқармамен 2017 жылы жалпы сомасы 6 683,9 мың теңгеге 6 мәдени қорымның ЖСҚ-н жасақтау бойынша (Жолжан, Алтынәлі, Айымбет (Қайдауыл), Көккүмбет, Бөрілген, Қожакүмбет қорымдары) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 2-ші тармағы мен Қазақстан Республикасының 02.07.1992 жылғы № 1488-ХІІ санды «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 34-бабының 1,4-тармақтарында көзделгендей ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензия қажеттілігіне қарамастан, Мемлекеттік сатып алу Заңының 9-бабының 5-тармағының және 20-бабының 5-тармағының талаптары сақталмай, конкурс тәсілін қолданбай, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізілген. Реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, аяқталған.

8- тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабының 5-тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 28.12.2015 жылғы № 694 санды «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары» бұйрығының 18,19-тармақтарында көзделген талаптарды орындамай, ЖК «It Company»-ді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп таныған заңды күшіне енген Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімін (№2-3344/2015 санды 16.02.2016 жылғы) электрондық түрде уәкілетті органға ұсынбаған, нәтижесінде өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы тізіліміне енгізілмеген.

9- тармақ.2017 жылы Маңғыстау облысы бойынша тарихи және мәдени объектілеріне ғылыми – реставрациялық жұмыстар (1 лот- Форт-Шевченко қаласында орналасқан "Мұрын жырау шеберханасы және үйіне, 2 лот-Мұнайлы ауданында орналасқан "Жамбауыл" Қорымына қалпына келтіру реставрациялық жұмыстарын жүргізу) бойынша Мемлекеттік сатып алу Заңының 25-бабының 4,5-тармағына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидасының 117-тармағына сәйкес, сомасы 95,2 мың теңге конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бюджетке төлемеген.

10-тармақ. 2016-2018 жылдары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында 20 жағдайда жалпы сомасы 6 404,0 мың теңгеге жоспарланған сатып алулар бойынша мемлекеттік сатып алулар мүлдем жүзеге асырылмаған, яғни өнім берушіні анықтап, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасақталмаған, нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, Заңның 5- бабының 1,2-ші тармағына сәйкес қажеттілігіне қарай нақты жоспарланбаған. Осы тектес кемшіліктер, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясына жүргізілген аудитпен де анықталды, яғни 12 жағдайда 1 525,9 мың теңгеге.

Сондай-ақ, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясына жүргізілген аудитпен анықталғаны:

11- тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39-бабының 3-тармағының 45-тармақшасын негізсіз қолданып, 112,0 мың теңгеге "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" РММ-нен (№36 санды 27.05.2016 жылғы келісім шарт) «Қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» қызметін бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алған.

12 – тармақ. Қазақстан Республикасының 01.03.2011 жылғы № 413-IV санды «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 126-бабының 4-тармағы және Маңғыстау облысы әкімдігінің №67 санды 26.02.2013 жылғы бекітілген Жарғысының 14-тармағының талаптары бұзылып, Кәсіпорынның жарғысында көзделмеген «залды жалға беру» қызмет түрі көрсетіліп, негізсіз 70,0 мың теңге кіріс алынған.

Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсетуорталығында анықталғаны:

13- тармақ."Жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысының талаптары бұзылып, 2017 жылы 9,6 мың теңгеге жанар-жағар май артық шығысталған.

14 - тармақ. Жеке кәсіпкер Е.Т. Касеновпен Астана қаласындағы мәдени күндеріне арналған концерттік шараға залды жалға алу бойынша 05.05.2017 жылы № 56 келісім-шарт жасақталған. Алайда осы шарттың 3.3. тармағының 4,5-тармақшаларының талабы бұзылып, жұмыстардың орындалысы туралы актіге қол қойылмай тұрып, алдын-ала 210,0 мың теңге аударған.

15- тармақ. «Байланыс қызметін» сатып алуда Заңының 37-бабының 4-тармағында және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 12-тармағында көзделген «лицензия талап етілетін» байланыс саласындағы қызметтерді сатып алуда конкурс тәсілін қолданбай, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2 жағдайда жалпы сомасы 309,4 мың теңгеге сатып алу жүргізген.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында мемлекеттік сатып алу туралы және басқа да заңнамалардыңөз дәрежесінде сақталмауы себепті жіберілген.

 

2.2.2.Мемлекеттік қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасын талдау.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 23.07.2015 жылғы №207 Қаулысымен екі мемлекеттік қызмет түрі бекітілген:

1) Мәдениет құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;

2) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру.

29.08.2017 жылғы №208 Қаулысымен өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік қызмет түрі - жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру - алынып тасталған.

Алынып тасталуы, мәдениет ескерткіштеріне ғылыми – реставрациялау жұмыстарын жүргізуге сырттан өтініш түспегендіктен, Мәдениет министрлігінің стратегиялық жоспарына өзгеріс енгізіліп, алынуына байланысты болған.

2016 жылы мәдениет құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қызметі бойынша 3 – өтініш, 2017 жылы – 2 өтініш болған, өтініштерінде көрсетілген тауарлар мәдениет құндылықтарға жатпайтыны туралы қорытынды уақтылы берілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы толық және уақтылы деп бағаланады.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Мемлекеттік аудит барысында және отырысқа дейін, жалпы сомасы 7 420,0мың теңгені құрайтын, жұмысы басталмаған 8 қорымның ЖСҚ-сы бухгалтерлік есепке, активтер құрамына алынды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Басқарманың лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 08.10.2018 жылғы № 01-08/717 шығыс хаты санды хатпен жіберілді.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Басқармада жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойынша негізінен нәтижелерге қол жеткізілгені анықталды.

Басқармада және оған бағынысты 2 (екі) Кәсіпорында жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 13 946,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 44 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалардың (2016 жылы – 7 бюджеттік бағдарлама, 2017 жылы – 5 бюджеттік бағдарлама) тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізілген, жоспарланған мәдени іс-шаралар жүргізілген.

Алайда, жауапты тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуына, жекелеген жағдайда бухгалтерлік есептің уақтылы жүргізілуіне жеткілікті назар аударылмаған.

089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыру мақсатында бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жалпы сомасы 6 185,6 мың теңге негізсіз сыйақы берілген.

2017 жылы облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (ҚБШ) қаржының жетіспеушілігі салдарынан 8 559,4 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:

- бағынысты кәсіпорындарға берілетін субсидияның 6 104,5 мың теңге субсидиясы 6 (алты) Кәсіпорынға берілмеген;

- көрсетілген қызмет пен жұмыстардың 1 578,7 мың теңгесі төленбеген;

- алынған материалдық техникалық құрал – жабдықтардың 873,8 мың теңгесі төленбеген.

Қолма-қол ақшанының тапшылығы әсерінен 2018 жылдың 1-жарты жылдығы бойынша да 001 « Жергілікті деңгейде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 218,2 мың теңге игерілмеген.

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды;

2.«Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (П. Сармурзинаға) 2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін:

1) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын тиісті дәрежеде зерделеп, кеңейтілген отырыста Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қатысуымен талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды;

2) Мемлекеттік сатып алуға жауапты маманның жауапкершілігін арттыру бойынша шара алуды;

3) Бухгалтерлік есеп жүргізуге жауапты маманның жауапкершілігін арттыру бойынша шара алуды.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

қалпына келтірілген және өтеген қаражат бойынша ақпарат 1 бетте.

 

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя