19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

19.10.2018 жылғы №02-02/12 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаржысының орындалуының заңнамаға сәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне жергілікті бюджеттен, оның ішінде: жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне және сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің мемлекеттік аудиторлар: бөлім басшысы (сертификат №1420) – Қ.Қуанов, бас маман (сертификат №1422) – А.Тұрғанбаев, бас маман-аудитордың ассистенті – Ғ.Ә.Бектурғанов.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2016 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 30 маусым аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі №1524 қаулысымен бекітілген «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мекеменің миссиясы - қала тұрғындарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау, қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларын басқару мен реттеуде біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу.

Мекеме тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында шаруашылық қызметін үйлестіру, мемлекеттіктұрғын-үй қорын сақтауды ұйымдастыру, жерлеу орындарын ұстау және тексіздерді жерлеу, тұрғын-үй қорын есепке алу және жекешелендіруді жүргізу, коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, тазалау, дренажды жүйелердің, кәріз, жылу және электр желілері нысандарын қайта жаңарту бадарламаларын әзірлеу, қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру, қаланың абаттандыру элементтерін (ескерткіштер, алаңдар, тротуарлар және т.б.) күтіп ұстау, жөндеу және жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру, қаланы мемлекеттік мекемелерге безендіру жұмыстарын ұйымдастыру, қалалық инженерлік (жылу, су, кәріз және электр) желілері бойынша қадағалау жұмыстарымен айналысады.

Қаланың жылуымен жабдықтау жүйесi екi бағыт бойынша дамуда:
- "МАЭК-Казатомпром" ЖШС жылу электр станцияларынан жылу беру (электрлi және жылу энергиясы) базасында орталықтандырылған;
-Жеке дара жылумен жабдықтау көздерiнен алынатын орталықсыздандырылған (АСО) 2000 жылға жинақталған жылу жүктелiмi, бас жоспар есептемесiмен 158 Гкал/сағ. көлемiнде анықталған.

Ақтау қаласында жоспарлы ұдайы тазарту, қала аумағының шамамен 90% қамтиды. Қазiргi кезде қатты тұрмыстық қалдықтар, Ақтау қаласынан 5 шақырым, және теңiзден 7-8 шақырым жерлерде орналасқан ТБО (қалалық қоқыстар үйiндiсi) полигонына тасымалданып шығарылады.

 

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінежергілікті бюджеттен бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша:

1)Базалық көрсеткіш –тиімділік - бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігі, жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш - әрбір қаржы жылына бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджет қаражатының тиімді басқарылуы.

2)Базалық көрсеткіш – нәтижелілік – 2016 – 2017 жылдары электр қуатын үздіксіз беру және тұрақты жылумен қамтамасыз ету қызметтері бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Арнайы көрсеткіш:025 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру», 026 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттың игерілуі.

2.2.1.Бюджет қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау.

1)Базалық көрсеткіш –тиімділік - бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігі, жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш - әрбір қаржы жылына бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджет қаражатының тиімді басқарылуы.

2016 жылы

-001«Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 3 176,0 мың теңге жоспарланып, 1 268,4 мың теңге игеріліп, 1 907,6 мың теңге игерілмеген, республикалық бюджетке қайтарылған, жергілікті бюджеттен бөлінген 18 681,0 мың теңге бөлінген, 18 004,0 мың теңге игеріліп, 677,03мың теңге игерілмеген, оның ішінде:470,0 мың теңге - үнемделген қаржы, 206,6 мың теңге - жыл соңында қолма-қол бақылау шотында ақшаның болмауы.

-003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары»бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 160,0 мың теңге жоспарланып, бөлінген қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-031 «Кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар жасау» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 11476,0 мың теңгеге жоспарланып, 11218,5 мың теңгеге орындалған. Кондоминиум объектілері үшін 30 техникалық төлқұжаттың саны бойынша жасалған. Дайындалатын 1 төлқұжаттың бағасы жылдың 2015 жылда жоспарланған бағадан өсіп кетуіне байланысты 275,5 мың теңге игерілмей қалған, 11476,0 мың теңге орындалған жұмыстың актілерімен төленген, бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

-049 «Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу» бюджеттікбағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2440,0 мың теңгеге көп пәтерлі ғимараттардың 10 нысанының энергетикалық аудит жүргізіп, бөлінген қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-026 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бағдарламасыбойынша жалпы сомасы 9906,0 мың теңгеге бөлінген қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-025 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 269 305,0 мың теңгеге жоспарланып, 265 574,5 мың теңгеге (-3730,5 - унемдеу) яғни 99%-ға орындалған, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-030 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 262309,0 мың теңгеге жоспарланып, орындалған. Қалалық жерлерді күнделікті санитарлық тазарту алаңы - 11 454 514 м2, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-034 «Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» бюджеттік бағдарламасы бойыншажалпы сомасы 5846,0 мың теңгеге жоспарланып толық орындалған, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-035 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойыншажалпы сомасы 486 136,0 мың теңгеге жоспарланып, 468 734,8 мың теңгеге орындалған, бұл 96,4%-ды құраған. «Жігер Ақтөбе» ЖШС алдында 14640,0 мың теңге сомасындағы кредиторлық берешек ҚБШ-да ақшаның жеткіліксіз болуына байланысты қалыптасқан. 1600 ағаш, 4000 дана роза бұталары, 350 000 дана гүлді көшеттер отырғызылған. Қаланы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілген, атап айтқанда, 70 шойын орындықтар, қаланың көппәтерлі ғимараттары үшін 22 дана лифт сатып алынған. Балалар ойын алаңдарының құрылысы (жарақат қауіпсіздігі төсемсіз) 5 бөлікке орнатылып, 1 дана жарақаттан қорғайтын жабындылармен қамтамасыз етілген.

-009 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3051,0 мың теңгеге жоспарланған. Алайда, нақты ұсынылған орындалған жұмыстың актісі бойынша игерілгені 2000,0 мың теңгені құраған. «Мемсараптама» (Госэкспертиза) РМК-мен Ақтау қаласының 15 ш/а жылу пунктінің құрылысында ЖСҚ (ПСД) кешенді сараптама дайындауға келісім-шарт жасалған. Бірақ жобада ескертулер мен толықтырулар болғандықтан, «Мемсараптама» РМК жасалған жұмысына нақты ұсынылған акт бойынша игерілген. ЖСҚ-ға ескертулер жасап, оны түзетуге жіберілген. Сол себепті: «Мемсараптамада» мекеменің жұмысқа бөлінген қаражаты толық игерілмеген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген.

2017 жылы:

-001«Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 54 162,0 мың теңге бөлініп, 54 084,4 мың теңгеге игерілген, 77,6 мың теңге игерілмеген (үнемдеу).

-026 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 9937,0 мың теңгеге: «Тұрақты өмір сүру үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуді жетілдіру» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-025 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 677964,0 мың теңгеге «Қаланың инженерлік желілерін, соның ішінде электр желілерін сақтау» және «Халыққа және кәсіпорындарға үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету» келтіріліп орындалған, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-030 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 888132,0 мың теңгеге «Қалалық жерлердің санитарлық-экологиялық жағдайын жақсарту» және «Таза аумақтарды, қаланың қоғамдық орындарын және аумақтарды күнделікті күтуді қамтамасыз ету» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-035 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1274850,0 мың теңгеге келтіріліп, 1269139,5 мың теңгеге яғни 99%-ға орындалған.

Атап айтқанда:

«Мемлекеттік туды сатып алу» бойынша 1992,0мың теңге бөлініп, 1702,6 мың теңге игерілген, алайда Тудың стандарттарға сәйкес келмеуінен 1 данасы қайтарылып, 289,4 мың теңге игерілмеген».

«29 шағын аудан 24 үйде тұрғын емес үй-жайды Құқықтық қызмет көрсету орталығына ағымдағы жөндеу» жұмысы бойынша 58472,0 мың теңге бөлінген, алайда 53319,7 мың теңгеге орындалып, 4951,8 мың теңге игерілмеген, себебі: іс жүзінде берілген жұмысты орындау актісіне сәйкес аударылған.

Яғни, аталған бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей көрсеткішке қол жеткізілмеген.

-005 «Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 6300,0 мың теңгеге: «Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

2)Базалық көрсеткіш – нәтижелілік – 2016-2017 жылдары электр қуатын үздіксіз беру және тұрақты жылумен қамтамасыз ету қызметтері бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы.

Арнайы көрсеткіш:025 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру», 026 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттың игерілуі.

2016-2017 жылдары «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші «Тұрақты өмір сүру үшін жылуды тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуді жетілдіру» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

2016 жылы «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 269 305,0 мың теңгеге жоспарланып, 265574,5 мың теңгеге (-3730,5) яғни 99%-ға орындалған.

Көше электр желілеріне күнделікті қызмет көрсету есеп беру кезеңінде қала көшелеріне жарық беретін электр қуаты 2537805 кВт/сағат электр энергиясын құраған. Ақтау қаласының көшелерін жарықтандыру үшін электр қуатын өндіруге «МАЭК Казатомпром» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, нақты ұсынылған актілер бойынша қаражат аударылған. Алайда тарифтің өсуіне байланысты «МАЭК Қазатомпром» алдында 13999,1 мың теңге сомасындағы кредиторлық берешек қалыптасқан.

2017 жылы «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 677 964,0 мың теңгеге «Қаланың инженерлік желілерін, соның ішінде электр желілерін сақтау» және «Халыққа және кәсіпорындарға үзіліссіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету» келтіріліп орындалған, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

 

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 737,6мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 134 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

1-тармақ.2016-2017 жылдары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 санды қаулысының талаптары бұзылып, 7 бірлік мемлекеттік емес қызметкерлерге 930,6 мың теңге артық және 4 мемлекеттік емес қызметкерлерге 220,8 мың теңге кем есептелген. Аталған кемшілік 2017 жылы мекемемен анықталып, артық төленген 930,6 мың теңге ұсталып, кем есептелген 220,8 мың теңге 4 мемлекеттік емес қызметкерлерге толық аударылған. Алайда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV санды Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген уақтылылық принципі сақталмай, 709,8 мың теңге бюджетке өтелмеген.

2-тармақ.2016-2017 жылдары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 санды Жарлығының 1-жалғамасындағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын және сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін қолданылатын коэффицент қызметкердің еңбек өтілінің дұрыс саналмауына байланысты тиісті мөлшерінен артық қолданылып, 1 штаттық мемлекеттік кызметшіге 20,0 мың теңге (2016 жылы – 15,0 мың теңге, 2017 жылы – 5,0 мың теңге) артық есептелген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 4-бабындағы негізділік принципі сақталмай, 2016 жылы бір кезеңде 2 қызметкерге 1 күнге жалақы есептеліп 7,8 мың теңге артық төленген.

Яғни, 11.01.2016 жылғы №01-28/1 санды бұйрықта 2016 жылдың 12 қаңтарынан бастап инспектор Ж.Рамазанованың ақысыз еңбек демалысына шығуы туралы көрсетілген. Ал, Б.Мендибаев 11.01.2016 жылғы №01-28/2 санды бұйрықпен 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап инспектор болып жұмысқа алынған.

1-3 тармақтарда көрсетілген қаржылық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен бюджеттік және басқа да заңнамалардың тиісті дәрежеде сақтамауынан орын алған.

4-тармақ. 2016-2017 жылдары Мекемемен Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы №434 санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (одан әрі - Заң) 5-бабының 4-тармағында және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидасының» (одан әрі - Қағида) 13-тармағында көзделген талаптар сақталмай, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына айына бір реттен артық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

5-тармақ. 2016-2017 жылдары, 2018 жылдың 1-жарты жылдығында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында 51 жағдайда жалпы сомасы 72 567,8 мың теңгеге сатып алу жоспарланғанмен, Заңның 5-ші бабының 1,2-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмаған, жылдық жоспар орындалмаған.

6-тармақ.Мекемемен 2016 жылы Заңның 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасы негізсіз қолданылып, Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан (жарғысында тауарларды тарату қызметі көзделмеген) жалпы сомасы 44 999,2 мың теңге құрайтын 4 шарт бойынша тауарлар бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алынған.

7-тармақ.2016-2018 жылдарыМекемемен Заңның 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасы негізсіз қолданылып, «Қала жолдары» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы 16 шарт тікелей жасалған, оның ішінде: 2016 жылы ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 1 359620,7 мың теңгеге 9 шарт, 2017 жылы ағымдағы жөндеу, санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстары бойынша жалпы сомасы 1 614067,3 мың теңгеге 6 шарт, 2018 жылы санитарлық тазалау жұмыстары бойынша жалпы сомасы 200 520,0 мың теңгеге 1 шарт.

8-тармақ.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23.12.2015 жылғы №677 санды «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына енгізілмеген тауарлар сатып алуда Заңның 39-бабының 3-тармағының 50-тармақшасы негізсіз қолданылған, оның ішінде: жалпы сомасы 1 611,0 мың теңгеге тулар, жалпы сомасы 9 603,9 мың теңгеге бақтық (шойын) орындықтар, жалпы сомасы 9 934,0 мың теңгеге «Жаңадан салынған шағын аудандардағы жылу желілерінің жылу гидравликалық есептері жұмыстары» сатып алынған.

9-тармақ.Заңның 12-бабының 4- тармағының талаптары орындалмай, өнiм берушi «Қондыбаева Рая Дендерқызы» ЖК-мен жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша 77 дана шойын орындықтың орнына 73 дана шойын орындық әкелінсе де, мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны үшін, өнiм берушiні мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнбеген.

10-тармақ.Заңның 39-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы негізсіз қолданылып, байланыс қызметі табиғи монополия ретінде айқындалмаса да, 2017 жылы«Қазақтелеком» АҚФ–МОДТ»-мен байланыс қызметін мемлекеттік сатып алу туралы жалпы сомасы 176,2 мың теңгеге шартты тікелей жасаған.

11-тармақ.2018 жылы «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» қызметі бойынша конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізуде, Заңның 20- бабының 1,3- тармақтарының талаптары сақталмай, біртекті көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін (Ескі христиан зираты, Жаңа христиан зираты, Мұсылмандар (Қошқар – Ата) зираты) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеген.

12-тармақ.Заңның 45-бабының 2-тармағының 3-тармақшасының талабы сақтамай, жасақталған шарттардың (19 қосымша келісім) сомасын негізсіз ұлғайтқан, оның ішінде: 2016 жылы -2 қосымша келісім, 2017 жылы -14 қосымша келісім, 2018 жылы -3 қосымша келісім.

4-12 тармақтарда көрсетілген бұзушылықтар бюджеттік бағдарламаларды орындау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардыңөз дәрежесінде сақталмауы себепті жіберілген.

2.2.2.Мемлекеттік қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасын талдау.Мемлекетік қызмет стандарттары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 санды бұйрығымен бекітілген.

«Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» 2016 жылы - 3568, 2017 жылы - 3866, 2018 жылы - 1724 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» 2017 жылы - 186, 2018 жылы - 3751 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» бойынша 2017 жылы - 95, 2018 жылы - 46 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 11.10.2018 жылғы №01-08/723 санды хатпен жіберілді.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойынша негізінен нәтижелерге қол жеткізілгені анықталды. Алайда, жалпы сомасы 737,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 134 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

2016 жылы - 031 «Кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар жасау», 009 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту», 2017 жылы - 035 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржының толық игерілмеген, аталған бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, оларға қол жеткізу үшін жоспарланған ресурстардың уақтылы пайдаланылмаған, 2016 жылы «МАЭК Қазатомпром» алдында 13999,1 мың теңге сомасындағы кредиторлық берешек қалыптасқан.

Сонымен қатар,мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына жиі өзгерістер енгізілуі және жоспардың орындалмауы, мемлекеттік сатып алу туралы негізсіз тікелей шарттардың жасалуы - жауапты тұлғалармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының сақталуына, бюджет қаражатының сапалы жоспарлануына жеткілікті назар аударылмағанын көрсетеді.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтармен қатар, қалалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiздік жағдайлары орын алуы да бірқатар бюджеттік бағдарламалардың орындалу нәтижелеріне әсер еткен.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың 28 желтоқсанына дейін (Қ.Ақыбаев):

1)Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың талаптарын тиісті дәрежеде зерделеп, кеңейтілген отырыста талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды ұсынамын.

2)Мемлекеттік сатып алуға жауапты маманның жауапкершілігін арттыру бойынша шара алуды ұсынамын.

 

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя