19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 21.09.2018 жылғы

№02-02/10 санды қаулысымен бекітілді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

Жергілікті бюджет қаржысының орындалуының заңнамаға сәйкестігіне және тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жергілікті бюджеттен, оның ішінде: жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне және сәйкестігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Басқарма).

1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің мемлекеттік аудиторлар: бөлім басшысы (сертификат №1420) – Қ.Қуанов, бас маман (сертификат №1422) – А.Тұрғанбаев, бас маман-аудитордың ассистенті – Б.Ж.Корбаков.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылдың 01 қаңтар – 2018 жылдың 30 маусым аралығы.

 

II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №05 қаулысымен бекітілген «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жылу-энергетикалық секторды дамыту арқылы энергетикалық қауіпсіздікті және өңір экономикасының энергия ресурстарына өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ету, облыстың тұрғын үй-коммуналдық кешенін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағына келесі ұйымдар кіреді:

1.Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

2.Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Көктем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

3.«Ақтау тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мамандандырылған уәкілетті ұйым.

2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жергілікті бюджеттен бөлінгенқаражаттың орындалуының тиімділігіне бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылды:

Сәйкестік аудиті бойынша – Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі.

Тиімділік аудиті бойынша:

-Базалық көрсеткіш –тиімділік - даму бюджеттік бағдарламаларының іске асырылу тиімділігі, жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

арнайы көрсеткіш - әрбір қаржы жылына бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджет қаражатының тиімді басқарылуы.

Басқармамен 2016 жылы іске асырылған 6 даму бюджеттік бағдарламасы аудитпен қамтылған:

-007 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 10902,0 мың теңгеге 2 жобалық сметалық құжаттама жасақтау: «Каспий энергетикалық хабы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы шеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарту желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станция салу құрылысының ЖСҚ түзету» (30%), «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГТС орнатып магистралды газ құбырын салу құрылысының ЖСҚ түзету» (100%), жоспарланған. Қаржылық жыл қорытындысымен жоспарланған тікелей, түпкілікті көрсеткіштердің біреуіне қол жеткізілмеген: «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГТС орнатып магистралды газ құбырын салу құрылысының ЖСҚ түзету» (100%) жобасы аяқталмаған, жоспарланған қаржының 2001,0 мың теңгесі ғана игерілген, қалған 8149,8 мың теңге қаржы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiз болуына байланысты игерілмеген.

-027 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 4819,9 мың теңгеге «Ақтау қаласындағы қолданыстағы қатты қалдықтарды көму полигонын қалпына келтіруге жобалық сметалық құжаттама жасақтау» көрсетіліп, жоспарланған тікелей, түпкілікті көрсеткішке қол жеткізілмеген, жоба аяқталмаған, жоспарланған қаржының 319,9 мың теңгесі ғана игерілген, қалған 4500,0 мың теңге қаржы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiз болуына байланысты игерілмеген.

-038 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 20 160,0 мың теңгеге «Қарақия ауданының Құрық селосынан Жетібай селосына дейін су құбырының құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау» көрсетіліп, орындалмаған, жоспарланған қаржы игерілмеген. Яғни, тікелей, түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген. Себебі, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары бұзылып, тараптар арасында жасақталған келісім шарт бір жақты бұзылған, бұл №554310 санды конкурсты қарау кезінде толық көрсетілген.

-045 «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қала құрылысы және ауылдық елді мекендерде нысандарды жөндеу және абаттандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 7261,0 мың теңгеге «Коммуналдық шаруашылықтың қайта құрылған желілері мен құрылғыларының кеңейтімінің ұлғаюы (бордюр саны)» келтірілген, жоспарланған қаржының 1344,44 мың теңгесі ғана игерілген, қалған 5809,0 мың теңге қаржы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiз болуына байланысты игерілмеген, нәтижесінде тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.

-065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 681 160,0 мың теңгеге 6 жоба бойынша:

«Инфрақұрылым нысандарын және қосалқы жабдықты қайта құру және жаңғырту» жұмыс жобасы «Каспий» су тұщыту зауыты. 550753,0 мың теңге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген).

«Каспий» су тұщыту зауыты. Аккредитациялау үшін химиялық бактериологиялық зертхананы жабдықтау» 32449,0 мың теңге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген).

«Каспий» су тұщыту зауыты. Зауыттың негізгі химреагенттерімен қамтамасыз ету» 16419,0 мың теңге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген).

«Каспий» су тұщыту зауыты. Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының тұщы су өндірісінің көлемін тәулігіне 20 000м3 дейін арттыру және кері осмосты №1,2,3,4,5 қондырғыларын жаңарту жобасының құрылысына және жобалауға кешенді жұмыстарды өткізудің жобалық жұмыстары» 52000,0 мың теңге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген).

Ақтау қаласының ҚТҚ-ды кәдеге жарату, 12.03.2015 жылдан 30.06.2015 жылға дейінгі мөлшерлемесі 0,6%-дан сақтық қорда сақтау үшін комиссия» 5589,0 мың теңге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген).

Ақтау қаласының ҚТҚ-ды кәдеге жарату (несиені тоқтату үшін комиссия)» 23950,0 мың теңгеге (нәтижесінде тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген) келтіріліп, жоспарланған қаржы Басқармамен игерілген.

Алайда, 2016 жылы бөлінген қаражат 2018 жылдың 01 шілдесіне дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерімен толық игерілмеген.

-108 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретіндежалпы сомасы 22168,0 мың теңгеге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС алаңында қуаты 250МВт бу-газ қондырғысының құрылысына ТЭН әзірлеу» (50%), «Маңғыстау ауданы, Мастек-Шетпе магистралды газ құбырының құрылысына ТЭН әзірлеу» (50%), жобаларынының құрылысы бойынша техникалық экономикалық негіздеме жасақтау келтіріліп, орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, түпкіліктінәтиже көрсеткіші ретінде 50% техникалық экономикалық негіздеме жасақталуының аяқталуы келтіріліп, орындалған.

Басқармамен 2017 жылы іске асырылған 5 даму бюджеттік бағдарламасы аудитпен қамтылған:

-007 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 10346,0 мың теңгеге жобалау сметалық құжаттама жасақтау: «Каспий энергетикалық хабының сыртқы инфрақұрылымын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГТС орнатып магистралды газ құбырын салу құрылысының ЖСҚ түзету» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-027 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 5247,0 мың теңгеге «Ақтау қаласындағы қолданыстағы қатты қалдықтарды көму полигонын қалпына келтіруге жобалық сметалық құжаттама жасақтау» келтіріліп орындалған, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-045 «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 5809,0 мың теңгеге «Құрық селосы аудандық аурухана аумағын абаттандыру» жоспарланып орындалған, жоспарланған қаржы игерілген, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын көбейту және қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 3808,0 мың теңгеге жоспарланып, тікелей және түпкіліктінәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілген.

-108 «Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 35 026,0 мың теңге жоспарланып, тікелейнәтиже көрсеткіші ретінде жоспарланған 6 жобаның 1-не қол жеткізілмеген. Атап айтқанда: «Маңғыстау облысы Ақтау-Құрық-Жетібай-Шетпе су құбырының құрылысына ТЭН әзірлеу» 15000,0 мың теңге жоспарланған, оның 6 000,0 мың теңгесі игерілген, игерілмегені -9 000,0 мың теңге, яғни тікелей, түпкілікті нәтиже көрсетікіштерге қол жеткізілмеген.

-Базалық көрсеткіш – нәтижелілік - ауыз су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнының арзандауы, жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы;

арнайы көрсеткіш: тұрғындарды қолайлы бағамен ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үлесінің өсуі (өткен кезеңмен салыстырғанда).

032«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 2017 жылға 634 151,0 мың теңге бөлінген және толық игерілген.

Басқарманың2017-2019 жылдарғажасақталғанбюджеттік өтініміне сәйкес жергілікті бюджеттен 2017 жылға – 225 683,0 мың теңге, 2018 жылға – 241 472,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 2017 жылға – 880 557,0 мың теңге, 2018 жылға – 952 441,0 мың теңге қарастыру сұралған, 032 бағдарлама бойынша 2017 жылы жергілікті бюджеттен 634 151,0 мың теңге бөлінген. Бөлінген қаражат бойынша жасақталған бюджеттік бағдарламада 9 су берушіге жалпы сомасы 634 151,0 мың теңге құрайтын 4 981,8 мың м3 су көлемі қарастырылған.

«КазСуШар» РМК-ны Маңғыстау филиалы – 171,8 мың м3, «Дария» МКК-ны 453,62 мың м3, «Коммуналдық қызмет» МКК-ны 195,26 мың м3, «Маңғыстау жылу» МКК-ны Мұнайлы ауданы 1353,06 мың м3, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-гі 55,89 мың м3, «Бейнеусусервис» МКК-ны 337,78 мың м3, «Тұрмыс-Сервис» МКК-ны 987,23 мың м3, «Өзенинвест» МКК-ны 1318,78 мың м3, «Түпқараған су жүйесі» МКК-ны 108,38 мың м3 келтіріліп орындалған.

Тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу бойынша есепке сәйкес 634 151,0 мың теңгеге 4 981,8 мың.м3 су көлемі нақты 3089,4 мың.м3 орындалған:«КазСуШар» РМК-ны Маңғыстау филиалы – 122,816 мың м3, «Дария» МКК-ны 256,628 мың м3, «Коммуналдық қызмет» МКК-ны 128,067 мың м3, «Маңғыстау жылу» МКК-ны Мұнайлы ауданы 724,860 мың м3, «Теміржолсу-Маңғыстау» ЖШС-гі 36,204 мың м3, «Бейнеусусервис» МКК-ны 256,967 мың м3, «Тұрмыс-Сервис» МКК-ны 650,821 мың м3, «Өзенинвест» МКК-ны 870,795 мың м3, «Түпқараған су жүйесі» МКК-ны 42,240 мың м3 орындалған.

Яғни, бөлінген қаражат 2017 жылдың тек тамыз айына дейін жетіп, 2017 жылдың қазан айында бюджеттен қосымша 382 260,1 мың теңге сұратылған, қаражат бөлінбеген. Су берушілердің алдындағы берешек 379 601,2 мың теңге 2018 жылы төленген.

2017 жыл қорытындысы бойынша ауыз су бойынша өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су пайдаланушыларға (халыққа) көрсетілген қызметтердiң құнының арзандауы 1 013 752,2 мың теңгеге (акті бойынша 1 005 486,3 мың теңге) субсидияланып, су көлемі 5 050,1 мың м3 құрап, жоспарлы 41 елді мекеннің барлығы қамтылған.

Бюджеттік бағдарламамен жоспарланған су көлемі бойынша жоспар 2017 жылдың нақты қорытындысы бойынша 101,37%-ға орындалған. 2016 жылмен салыстырғанда су көлемі 4 953,7 мың м3-дан 2017 жылы 5 050,1 мың м3-қа арту себебі су құбырымен алушылар тізімінің және олардың тұтынуының өсуіне байланысты.

2017 жылдың нақты қорытындысы бойынша орташа есеппен алғанда 260,2 мың адам 032 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы арқылы төмен бағадағы ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Тұрғындарды қолайлы бағамен ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үлесінің өсуі - 2017 жылы Маңғыстау облысының 642,8 мың халқының 260,2 мың адамы немесе 40,5%-ы қамтылған. 2016 жылы Маңғыстау облысының 626,7 мың халқының 225,5 мың адамы немесе 35,9%-ы қамтылған, қамту үлесі 12,8%-ға өскен.

2.2.1.Бюджет қаражатының, Ұлттық қор қаражатының, бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті тікелей және түпкілікті нәтижелеріне, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге пайдаланылу тиімділігін жиынтық талдау және бағалау (анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктер мен проблемалардың жинақтап қорытылған нәтижелері, жүйелі кемшіліктерге, бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға, нәтижелерге қол жеткізбеуге байланысты, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі өзге де проблемалық мәселелер, соның ішінде жүйелі проблемаларға әкеп соқтырған мәселелер бойынша бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау).

Басқармада жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 11 341,7мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 124 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауынан қаржылық бұзушылықтарға жол берілген:

1-тармақ. 2016-2018 жылдары ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 санды қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ережесінің» 9-тармағының талаптары бұзылып, 2016 жылы іссапар шығындары (тұрғын үй-жайды жалдау, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар бойынша) жалпы сомасы 87,8 мың теңгеге артық, 12,0 мың теңгеге кем төленгені анықталды.

2-тармақ.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 санды бұйрығымен бекітілген «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларының» 8- тармағының жәнеҚазақстан РеспубликасыҚаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 санды бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 215-тармағының 6- тармақшасыныңталаптары бұзылып, жалпы сомасы 8 265,9 мың теңгеге су берушілерге субсидия артық (актте көрсетілген көлемнен артық) төленген.

Бюджеттік бағдарламалардың жасақталу тәртібі сақталмаған, бюджет қаражатының сапасыз жоспарлануы, жекелеген жағдайда бухгалтерлік есептің уақтылы жүргізілмеуі, ішкі бақылау қызметінің тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы бірқатар бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуынаәкелген:

3-тармақ.Аудитпен қамтылған даму бюджеттік бағдарламалары бойынша «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығының 15-тармағының 6-бөлімі сақталмай, 2016 жылы: 027 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту», 038 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту», 045 «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қала құрылысы және ауылдық елді мекендерде нысандарды жөндеу және абаттандыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша "Мазмұнына байланысты" деген жолда бюджеттiк бағдарлама түрі ретінде «трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру» көрсетілсе де, шығыстар Басқармамен жүргізілген. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV санды Бюджет Кодексінің 54-бабы сақталмай, 2016 жылы қаражат трансферттер ретінде аудан, қалаларға берілмей, облыстық бюджеттен аудандық, қалалық коммуналдық меншіктерге қатысты жалпы сомасы 32 241,0 мың теңгеге шығыстар жүргізілген.

4-тармақ.«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығының 15-тармағының 7,8-бөлімдері сақталмай, 2016 жылы: 007 «Жылу-энергетикалық жүйені дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша түпкiлiктi нәтиже көрсеткiшi белгіленбеген, 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Каспий ӘКК» ҰҚ»-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға ұаржы қарастырылғанмен, бюджеттiк бағдарламаның мақсаты - «мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталын ұлғайту» болып көрсетілген.

5-тармақ.2016 жылы065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 681 160,0 мың теңгеге 6 жоба бойынша жоспарланып қаржы Басқармамен игерілген. Алайда, 2016 жылы бөлінген қаражат 2017 жылдың 01 қаңтарына дейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-мен жарғылық капиталын ұлғайтуға толық игерілмеген. Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген нәтижелілік және тиімділік принципінің нормалары сақталмай, 2016 жылы 3 жоба бойынша жалпы сомасы 382 289,0 мың теңгеге 065 бюджеттік бағдарламасы тиімсіз атқарылған. Игерілмеу себептерін талдау барысында, жаңа су тұшыту қондырғылары іске қосылып, су өндіру көлемінің артқаны, ол өз кезегінде сүзгілейтін элементтердің, химиялық реагенттердің, қондырғылардың,қосалқы бөлшектердің санын және түрлерінқайтажаңартуды қажет еткені белгілі болды. Яғни, жоспарлау кезеңінде осы жағдайлар уақтылы ескерілмей, бюджет қаржысы тиімсіз жоспарланған. Атап айтқанда:

1. «Каспий» су тұщыту зауыты «Инфрақұрылым нысандарын және қосалқы жабдықты қайта құру және жаңғырту» жобасы бойынша 2016 жылы 550 752,56 мың теңге аударылған, жалпы сомасы 354 942,0 мың теңге игерілмеген.

2. «Каспий» су тұщыту зауыты. Аккредитациялау үшін химиялық бактериологиялық зертхананы жабдықтау» жобасы бойынша 64 449,0 мың теңге болып белгіленген және 2016 жылы 32 449,0 мың теңге бөлінген, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның мәліметіне сәйкес 2016 жылы қаржының 6 677,0 мың теңгесі игерілген, 25 772,0 мың теңге игерілмеген.

3. «Каспий» су тұщыту зауыты. Зауыттың негізгі химреагенттерімен қамтамасыз ету» бойынша 16 419,0 мың теңге аударылған. 2016 жылы бөлінген қаржының 14 844,0 мың теңгесі игерілген, 1 575,0 мың теңге игерілмеген.

6-тармақ.Басқармамен «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жарғылық капиталын ұлғайтуға «Ақтау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жою» жобасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкіне комиссия төлеу үшін - 5 589,0 мың теңге, жоба бойынша несиені тоқтатуға өтем комиссиясына -23 950,0 мың теңге, барлығы 29 539,0 мың теңге аударылған. «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының мәліметіне сәйкес, 2016 жылы бұл қаражаттың тек 14 672,3 мың теңгесі ғана Еуропалық қайта құру және даму банкіне аударылған. Кәсіпорынның есепшотында қаражаттың болмауына байланысты, 13 367,0 мың теңге жалақы, салық, тағы да басқа кәсіпорын шығындарына жұмсалған, 1 499,7 мың теңге есепшотта қалған. Яғни, Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидатының нормалары сақталмаған, бюджеттен бөлінген қаржының 14 866,7 мың теңгесі Басқарманың бюджеттік бағдарламасында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге пайдаланылмаған. 01.07.2018 жылы жағдайына нысаналы сипаты сақталмай пайдаланылған қаржының 11 866,7 мың теңгесі Еуропалық қайта құру және даму банкіне аударылған, қалған 3 000,0 мың теңгесі қайтарылмаған.

7-тармақ.«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңының 5-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 санды Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 122-тармағының талабы сақталмай, 2017 жылғы ауыз су беру қызметін атқарғаны үшін тапсырылған актілер бойынша 379 601,2 мың теңгені құрайтын шығындар 2017 жылы бухгалтерлік есепке алынбай, қаржылық есепте кредиторлық берешек ретінде көрсетілмей, 2018 жылдың қаражаты есебінен төленген. Нәтижесінде, 2018 жылға қарастырылған 379 601,2 мың теңгені құрайтын бюджет қаражаты Бюджет Кодексінің 4-бабымен көзделген уақтылылық принципі және тиімділік қағидатының нормалары сақталмай пайдаланылған.

Басқармада бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлердің жиі ауысуы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардыңөз дәрежесінде сақталмауының да әсері болған:

8-тармақ.2016-2017 жылдары және 2018 жылдың 1-ші жарты жылдығында Басқармамен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (одан әрі-Заң) 5-ші бабының 4-ші тармағында және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қағидасының (одан әрі-Қағида)13,14-ші тармақтарында көзделген талаптар сақталмай, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларына айына бір реттен жоғары өзгерістер мен толықтырулар енгізілген және өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданғанына қарамастан бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың веб-порталына жылдық жоспар уақытылы орналастырылмаған.

9-тармақ.Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен қаралған 2 мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 102,5 мың теңгеге Заңның 5-ші бабының 10-шы тармағының 1-ші тармақшасында (шығыстардың қысқартылуы орын алмаса да) көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тартылған. Атап айтқанда: баға ұсынысына сұрау салу тәсілімен «Нотариалдық қызметті» сатып алуға сомасы 35,7 мың теңге, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен «Жер-кадастрлық жұмыстар» сатып алу сомасы 66,8 мың теңге.

10-тармақ.2016 жылы «Су өнімділігін 40000 м3/тәулікке дейін арттырумен Ақтау қаласындағы "Каспий" су тұщыту зауытын жаңғырту" объектісінің құрылысы бойынша технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеуге конкурс тәсілімен жалпы сомасы 31 025,0 мың теңгеге сатып алу жоспарланғанмен, Заңның 5-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөнінде конкурс тәсілімен хабарлама берілмеген және мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмаған.

11-тармақ.2016 жылыжалпы сомасы 31 089,2 мың теңгеге «Маңғыстау облысының Ақтау-Құрық-Жетібай су таратқышының құрылысы және қайта құрылымдау" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтау» жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша Заңның 12-ші бабының 4-ші тармағында көзделген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа уақытылы жүгінбеген.

12-тармақ.2016 жылы жалпы сомасы 573,5 мың теңге «Байланыс қызметін» (бейнеконференция қызметтері, интернет желісі, деректер арнасын беру, халықаралық және қалааралық байланыс және SIP телефониясы) сатып алу бойынша Заңның 9-шы бабының 5-ші тармағы және Қазақстан Республикасының 16.05.2014 жылғы № 202-V санды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 12-ші тармағына сақталмай, конкурс тәсілімен сатып алу кезінде байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия талап етпеген. Сонымен қатар, Заңның 12,44-ші баптарына сәйкес жасақталған келісім-шартты орындаудан жалтарған өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізбеген.

13-тармақ.Заңның 39-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы негізсіз қолданылып, байланыс қызметі табиғи монополия ретінде айқындалмаса да, 2017 жылы«Қазақтелеком» АҚФ–МОДТ»-мен байланыс қызметін мемлекеттік сатып алу туралы жалпы сомасы 546,4 мың теңгеге шартты тікелей жасаған.

14-тармақ.2016 жылы баға ұсынысына сұрау салу тәсілімен «Техникалық ерекшелікке сәйкес жеңіл автокөлікті жүргізушісімен жалға алу қызметі» бойынша Заңның 43-ші бабының 7-ші тармағын негізсіз қолданып (шарт жобасына қол қойылмау жағдайы болмаса да), екінші жеңімпаз деп танылған ЖК «Е.А.Дюсембаев» жалпы сомасы 1430,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасақтаған.

15-тармақ.2016-2017 жылы 2 жағдайдажалпы сомасы 2 100,0 мың теңгеге «OpenSpace - контентпен басқару жүйесіне» техникалық қолдау көрсету қызметі бойынша Заңның 39-шы бабының 3-ші тармағының 3-ші тармақшасында көзделмеген жағдайларда, тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған.

16-тармақ.Баға ұсынысын сұрату тәсілімен «Папка-портфель» сатып алу бойынша жеңімпазбен жалпы сомасы 9,5 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасақталған, №28 санды 21.04.2016 жылғы келісім шарттың 2.2, 8.1-ші тармақтары орындалмай, тапсырыс беруші шартты Қазынашылық органына тіркемеген, нәтижесінде мемлекеттік сатып алу келісім шарты күшіне енбеген. Осының салдарынан әлеуетті өнім беруші тауарларды табыс етпеген. Осы тектес кемшіліктер, 2016-2017 жылы баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен өткізілген «Кеңсе қондырғыларын жөндеу және техникалық қолдау» қызметі бойынша жалпы сомасы 26,1 мың теңгеге орын алған.

17-тармақ.Заңның 51-бабының және 5-бабының 2-тармағының 6-тармақшасы сақталмай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту» Қаулысында айқындалған ұйымдардан сомасы 10,0 мың теңгеге тауарларды сатып алмаған.

18-тармақ.Заңның 41- бабының 2- тармағы сақталмай, 2016 жылы- 26 жағдайда, 2017 жылы- 37 жағдайда бір көзден алу тәсілімен жасақталған шарттардың мемлекеттік сатып алу туралы есептері мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылмаған.

19-тармақ.Заңның 12-ші бабының 3-ші тармағында және Қағиданың 424-ші тармағында көзделген талаптар орындалмай, 2016 жылы - 41 жағдайда, 2017 жылы - 3 жағдайда, 2018 жылы - 6 жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша (тауарларды қабылдау-тапсыру актісі немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізіліміне енгізілмеген.

20-тармақ.Басқармамен тұрғын үй қорын жаңғырту (терможаңғырту) тетігін жүзеге асыру мақсатында "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасын сүйемелдеу қызметін мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алғанда Заңның 39-бабының 3- тармағының 36-тармақшасы негізсіз қолданылған және қосымша келісім шарт жасауда Заңның 39- бабының 3- тармағының 42- тармақшасы мен Заңның 45-бабының 2-тармағының 2- тармақшасы негізсіз қолданылған. Сонымен қатар, №15 санды 19.01.2016 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Ақтау тұрғын үй» ЖШС-нің Жарғысының 7-ші тармағында, негізгі қызмет түрі- Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру болып табылатыны көрсетілген, алайда бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің №728 санды 28.06.2014 жылғы қаулысымен күші жойылған (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). Соған қарамастан, Басқарма 2016-2018 жылдар аралығында «Тұрғын үй қорын жаңғырту (терможаңғырту) тетігін жүзеге асыру мақсатында "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасын сүйемелдеу қызметін жүзеге асыру деп мемлекеттік сатып алу келісім шартын жасақтап отырған.

2.2.2.Мемлекеттік қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасын талдау.

Басқарма «Белгіленген электр қуаты 5МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде аталған мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» Маңғыстау облысының әкімдігінің 04.03.2016ж. №67 қаулысына сәйкес, 2016-2017 жылдары көрсетілген. «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.05.2018ж. № 117 қаулысына сәйкес бұл мемлекеттік қызмет 2018 жылдан бастап Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. 2016 жылы тіркелген 3 өтініш бойынша әзірлік паспорты уақытылы берілген. 2017 жылы тіркелген 3 өтініш бойынша әзірлік паспорты уақытылы берілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы толық және уақтылы деп бағаланады.

 

III. Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

Мемлекеттік аудит барысында және отырысқа дейін, «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынымен Еуропалық қайта құру және даму банкіне 3 000,0 мың теңге аударылды.

Мемлекеттік аудит барысында анықталған артық төленген іссапар шығындары бюджетке өтелген.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Басқарманың лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 08.08.2018 жылғы №01-08/578 санды хатпен жіберілді.

 

3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Басқармада жүргізілген мемлекеттік аудитпен аудит бағдарламасымен қаралған көрсеткіштер бойынша жалпы сомасы 11 341,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 124 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудитпен қамтылған 6 даму бюджеттік бағдарламаларының 2016 жылы – 4-уі бойынша, 2017 жылы – 1-уі бойынша түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеуі, оларға қол жеткізу үшін жоспарланған ресурстардың уақтылы пайдаланылмауы - жауапты тұлғалармен бюджеттік бағдарламалардың сапалы жасақталуына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының сақталуына, бюджет қаражатының сапалы жоспарлануына, жекелеген жағдайда бухгалтерлік есептің уақтылы жүргізілуіне жеткілікті назар аударылмағанын көрсетеді.

2016 жылы065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша тікелей нәтиже көрсеткіші ретінде жалпы сомасы 681 160,0 мың теңгеге 6 жоба бойынша жоспарланып, 3 жоба бойынша жалпы сомасы 382 289,0 мың теңгеге бюджеттік бағдарламаның тиімсіз атқарылуы, «Көктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінген қаражаттың басқа кәсіпорын шығындарына жұмсалуы, яғни бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының принципінің нормалары сақталмауы, бюджеттен бөлінген қаржының Басқарманың бюджеттік бағдарламасында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге пайдаланылмауы - басшылық тарапынан ішкі бақылау жүйесі тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағанын көрсетеді.

«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылға 634 151,0 мың теңге бөлінген және толық игерілген. Алайда, бөлінген қаражат 2017 жылдың тек тамыз айына дейін жетіп, 2017 жылдың қазан айында бюджеттен қосымша 382 260,1 мың теңге сұратылған, қаражат бөлінбеген. Су берушілердің алдындағы берешек 379 601,2 мың теңге 2018 жылы төленген.

«Ақтау тұрғын үй» ЖШС-нің Жарғысында негізгі қызмет түрі- «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын» (күші жойылған) жүзеге асыру болып табылатыны көрсетілсе де, Басқармамен 2016-2018 жылдар аралығында «Ақтау тұрғын үй» ЖШС-мен "Өңірлерді дамыту-2020" мемлекеттік бағдарламасын сүйемелдеу қызметі сатып алынған. Сонымен қатар, аталған қызмет бойынша мемлекеттік сатып алу келісім шарттары Заңның 39-бабының талаптары негізсіз қолданылып жасақталған.

Жоғарыда баяндалған бұзушылықтармен қатар, 2017 жылы облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (ҚБШ) қаржының жеткiлiксiздік жағдайлары орын алуы да бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуына әкеліп отыр.

 

3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

 

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (С.Аманбеков):

1)Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың талаптарын тиісті дәрежеде зерделеп, кеңейтілген отырыста Басқарманың қарамағындағыұйымдар мен Басқарма арқылы жарғылық капиталын ұлғайтуға қаржы алып отырған ұйымдардың қатысуымен талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында шара алуды ұсынамын.

2)Басқарманы мемлекеттік сатып алуға жауапты маманмен қамтамасыз ету бойынша шара алуды ұсынамын.

3)«Ақтау тұрғын үй» ЖШС-нің жарғысында негізгі қызмет түрін нақтылау бойынша шаралар алуды ұсынамын.

 

3.4.Жалғама: жиынтық тізбе 4 бетте;

қалпына келтірілген және өтеген қаражат бойынша ақпарат 1 бетте.

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя