19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

тексеру комиссиясының

30.03.2018ж. №02-02/3

қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1. Мемлекеттік аудит мақсаты: «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

2. Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(одан әрі – Мекеме).

3. Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаубөлімінің басшысы А.Н. Таганов пен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімініңбас маман - бас мемлекеттік аудиторы С.А. Ордабаев жүргізді.

4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2015 жылдың наурыз – 2017 жылдың желтоқсаны аралығы.

5. Негізгі (талдамалық) бөлік:

«Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» № 29 Заңында және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» № 127 Заңында көзделген функцияларды орындау үшін құрылған.

Мекемеөз қызметін Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 68 қаулысымен бекітілген «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы негізінде жүзеге асырады.

Мекеменің қызметі Маңғыстау облысы аумағында жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғанысы бойынша және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырудағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етумекемесіне 2015 жылы007.000 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3572,0 мың теңге бөлініп, 3571,7 мың теңге игерілген. Үнемдеулер есебінен игерілмеген қаржы - 0,3 мың теңге.

011.000 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасы бойынша 13 979,0 мың теңге (РБ - 360,0 мың теңге, ЖБ - 13 619,0 мың теңге) жоспарланып, 12 915,7 мың теңге игерілген. Жете игерілмеген қаржы 1 063,3 мың теңгені құрайды.

Жалпы сомасы 751,6 мың теңге жете игерілмеген қаржы өнім берушімен (ШК «Бахыт») тауардың уақытылы жеткізілмеуі себепті орын алған. Мекемемен 751,6 мың теңге қаражат бюджетке кейін қайтарылып, өнім беруші бойынша іс сотқа жіберілген. Үнемделген қаржы 311,7 мың теңгені құраған (құжаттар жалғанды).

Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етумекемесіне 2016 жылы011.000 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасы бойынша 41 643,0 мың теңге (РБ – 5 859,0 мың теңге, ЖБ – 35 784,0 мың теңге) бөлініп, 41 581,4 мың теңге игерілген. Үнемделген қаржы - 61,6 мың теңге.

012.015 «Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 339 193,0 мың теңге жоспарланып, 334 271,2 мың теңге игерілген. Игерілмеген қаржы - 4 921,8 мың теңге.

Бюджет қаржысының игерілмеуі өнім берушілермен тауарлардың уақытылы жеткізілмеуі себепті орын алған. Оларға қатысты істер сотқа жіберіліп, жалпы сомасы 4 845,0 мың теңге қаржы бюджетке кейін қайтарылған (ЖК «Кобейсінов» 1 245,0 мың теңге, ЖК «Мансур» 3 600,0 мың теңге). Үнемделген қаржы - 76,8 мың теңге.  

Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз етумекемесіне 2017 жылы011.000 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасы бойынша   67 912,0 мың теңге бөлініп, 56 968,6 мың теңге игерілген. Игерілмеген қаржы -10943,4 мың теңге.

Бюджет қаржысының игерілмеуі өнім берушілермен тауарлардың уақытылы жеткізілмеуі себепті орын алған. Оларға қатысты істер сотқа жіберіліп, жалпы сомасы 7 581,1 мың теңге қаржы бюджетке кейін қайтарылған (ЖК «Биржанов» 1 127,7 мың теңге, ЖК «Tehno-Market» 3 580,0 мың теңге, ЖШС «Номад Маркет» 1 463,4 мың теңге, ЖК «Эльмира» 1 410,0 мың теңге). Үнемделген қаржы - 1 041,3 мың теңге.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотында (КСН) қаржы болмағандықтан 01.01.2018 ж. жағдайына 2 321,7 мың теңге көлемінде кредиторлық берешектер қалыптасқан (ЖК «Алиев Д.» алдында - 899,5 мың теңге, ЖК «Амандыкова А.» - 1 422,2 мың теңге).

«Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіқызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларына сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 466 299,0 мың теңге бюджет қаржысы қамтылып, аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 216,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтіруге (өтелуге) жататыны 216,2 мың теңге. Сонымен бірге,  жалпы сомасы 784,8 мың теңгені құрайтын, саны 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

1-тармақ. Мекеме орналасқан Ақтау қаласының 14 шағын ауданындағы №1 ғимарат ауыз су құбырымен қамтылған.

Сонымен бірге, ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 ж. № 403 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Біріңғай бюджет сыныптамасының кейбір мәселелеріне» сәйкес коммуналдық қызметтерге (суға, газға және оны тасымалдау, электр энергиясы және жылытуға)төлеуге арналған шығындар 151 ерекшелігі бойынша жүргізілуі керек.

Алайда, ҚР Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, Мекеме тарапынан 011 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасының 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 37,0 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған (2015 жылы – 20,0 мың теңге және 2016 жылы – 17,0 мың теңге).

2-тармақ.  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9-тармағының 11, 12 тармақшаларының талаптарына сәйкес, 2015-2017 жылдарға арналған 011 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасындатүпкілікті және тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмеген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2016 ж. №629 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік мониторинг жүргізу туралы нұсқаулықтың» 48-ші тармағының талабы орындалмай, Мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

3-тармақ.  Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 32-бабының талаптары сақталмай, 2015-2017, 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған 007, 012 бюджеттік бағдарламалары және 2016-2018, 2017-2019 жылдарға арналған 011 бюджеттік бағдарламасы тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері  көрсетіліп әзірленбеген.

4-тармақ. 2016 жыл Мекемемен  012 «Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 190 845,0 мың теңгегесатып алу көзделген тауарлар (шатырлар УСТ-56 – 160 дана, далалық асхана (КП-130) – 17 дана, кереуеттер – 2000 дана) әр түрлі себептермен сатып алынбаған.

Ал мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырмау себепті игерілмеген жалпы сомасы 190 845,0 мың теңге қаржы үнемдеулер ретінде 2016 жылдың қазан, желтоқсан айларында 19.10.2016 ж. №02-24/250 және 06.12.2016 ж. №01-13/293 шығыс хаттар негізінде бюджетке қайта қайтарылған.

Осылайша, қазіргі уақытта бюджеттік бағдарлама бойынша жұмылдыру резерві қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Сонымен Мекеме тарапынан 2016 қаржы жылы ҚР Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік және нәтижелілік қағидаттары сақталмаған.

5-тармақ. ҚР Қаржы Министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 181-ші тармағының талабы сақталмай, 2016 жылдың есептілігінде қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша жалпы сомасы 784,8 мың теңгені құрайтын резервтік есептеу жүргізілмеген.

Нәтижесінде, ҚР 28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының талабы сақталмай, бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсатына сәйкес Мекеменің қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

6-тармақ.2016 жылы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 29.12.2007ж. №1400 Қаулысының 14 қосымшасында көрсетілген үстемақы Мекеменің 4 қызметкеріне жалпы сомасы 38,1 мың теңге негізсіз төленген.

7-тармақ. 2015-2017 жылдарыҚР Үкіметінің 22.09.2000ж. №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттарының ҚР шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженің» 9 тармағының талабы бұзылып, жалпы сомасы 49,8 мың теңге іссапар шығындары артық, негізсіз төленгені анықталды: 2015 жылы – 7,4 мың теңге, 2016 жылы – 42,4 мың теңге.

8-тармақ. Мекеме «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-не бағынышты мекеме бола тұра, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 29.12.2007ж. №1400 Қаулысының 10 қосымшасында көрсетілген ҚР Қорғаныс министрлігі жүйесінің азаматтық қызметшілеріне тиесілі үстемақы 2015 жылы Мекеменің 3 қызметкеріне жалпы сомасы 91,3 мың теңге негізсіз төленген.

9-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің» 223, 243 тармақтарына сәйкес, негізгі құралдар мен қорлардың дұрыс сақталуы қамтамасыз етілмеген,  Мекеменің қоймасында сақтаулы тұрған жалпы сомасы 377 525,4 мың теңгені құрайтын қоймадағы негізгі құралдар мен қорлардың шаң мен ылғалдан сақталуы бойынша шаралар алынбаған.

                       

            6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 124,9 мың теңге бюджетке өтелді (20.02.2018 ж. №0123 квитанция көшірмесі).

Тексеру комиссиясының отырысына дейін  91,3 мың теңге бюджетке өтелді (03.03.2018 ж. №0043 квитанция көшірмесі).

Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша бақылау материалы Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

7.                 Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

«Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінебөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 216,2мың теңге бюджетке қайтарылуға жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 4 бірлік, жалпы сомасы 784,8 мың теңге.

Мекеме тарапынан 011 «Аумақтық қорғанысты даярлау және облыс ауқымдағы аумақтық қорғаныс» бюджеттік бағдарламасының 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 37,0 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған.

2015-2017, 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған 007, 012 бюджеттік бағдарламалары және 2016-2018, 2017-2019 жылдарға арналған 011 бюджеттік бағдарламасы тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері көрсетіліп әзірленбеген. Сол себепті Мекеменің бюджеттік бағдарламаларының  іске асырылуына талдау жасау мүмкін болмады.

Сондай-ақ, Мекеме тарапынан бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есептері жасалмаған.

2016 жыл Мекемемен  012 «Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 190 845,0 мың теңгегесатып алу көзделген тауарлар әр түрлі себептермен сатып алынбаған.

Нәтижесінде, қазіргі уақытта бюджеттік бағдарлама бойынша жұмылдыру резерві қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген.

Сонымен Мекеме тарапынан 2016 қаржы жылы Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік және нәтижелілік қағидаттары сақталмаған.

2016 жылдың есептілігінде қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша жалпы сомасы 784,8 мың теңгені құрайтын резервтік есептеу жүргізілмеген.

2016 жылы үстемақы Мекеменің 4 қызметкеріне жалпы сомасы 38,1 мың теңге негізсіз төленген.

2015-2017 жылдарыжалпы сомасы 49,8 мың теңге іссапар шығындары артық, негізсіз төленгені анықталды.

Мекеме «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бағынышты мекеме бола тұра, ҚР Қорғаныс министрлігі жүйесінің азаматтық қызметшілеріне тиесілі үстемақы 2015 жылы Мекеменің 3 қызметкеріне жалпы сомасы 91,3 мың теңге негізсіз төленген.

Негізгі құралдар мен қорлардың дұрыс сақталуы қамтамасыз етілмеген,  Мекеменің қоймасында сақтаулы тұрған жалпы сомасы 377 525,4 мың теңгені құрайтын қоймадағы негізгі құралдар мен қорлардың шаң мен ылғалдан сақталуы бойынша шаралар алынбаған.

Мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасының және бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы және лауазымды тұлғалардың өз міндеттеріне жауапты қарамауы себепті орын алып отыр. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Мекеменің қаржы сұрақтарына жауапты қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп жүргізуге қатысты  Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын жетік түрде меңгермегенін көрсетеді.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

            Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

           

            1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында  «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

            2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне (А.К.Рзаханов) 2018 жылдың  03 мамырына дейін:

            1) негізгі құралдар мен қорлардың сақталуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тәртіптік жауапкершілігін қарауды;

            2) алдағы уақытта бюджеттік бағдарламалардың Ережеге сәйкес жасалуы бойынша тиісті шара алуды ұсынамын.

            3. «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (М.Ж. Жайлаубаев) 2018 жылдың  03 мамырына дейін:

            1) негізгі құралдар мен қорлардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар алу;

            2) мекеменің қаржы сұрақтарына жауапты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылады;

            4. Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 03 мамырына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

            5. Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мекемесімен жалпы сомасы 216,2  мың теңгеқаражаттың бюджетке өтелуінің қамтамасыз етілгендігін ескеруді ұсынамын.

           

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Ж. Кошмагамбетова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя