19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

20.04.2018 ж. № 02-02/4 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджеттің жоспарлануының және атқарылуының бюджет принциптеріне сәйкестігіне тиімділікаудитінжүргізу.

 

2.Мемлекеттік аудит объектісі:

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан  әрі –Басқарма).

 

3.Мемлекеттік аудит  Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппаратының басшысы Х.Джанаева, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторлары А.Турғанбаев, Қ.Қуановтармен  жүргізілді.

 

4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2017 жылдың 01 қаңтары – 2017 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

5.Негізгі (талдамалық) бөлік:

Басқарманың миссиясы -  халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ететін, экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты өңірлік деңгейде қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) облыстық мәслихаттың 2015 жылғы            10 желтоқсандағы №29/430 санды шешімімен бекітілген. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің 2016 жылдың 19 ақпанындағы №50 қаулысымен Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары (Іс-шаралар жоспары) бекітілген.

Маңғыстау облысы әкімінің 2017 жылдың 30 қаңтарындағы №21 қаулысымен Іс-шаралар жоспарына өзгертулер енгізілген.2017 жылдың 23 ақпанындағы №7/92 мәслихат сессиясының шешімімен Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Аудит бағдарламасымен жоспарланған  базалық көрсеткіштермен қаралған сұрақтар бойынша, аудит нәтижесінде аудит объектісімен Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген  негізділік, сабақтастық принциптерінің жекелеген нормалары  сақталмағаны анықталды.

Арнайы көрсеткіштермен қаралған сұрақтар бойынша заңнама бұзушылықтары анықталды.

         1-тармақ. Бюджетті әзірлеу, бюджет түсімдерін болжау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің» (одан әрі – Әдістеме)  45-тармағының 15-қосымшасындағы   әлеуметтік салық есептеу әдісінде белгіленген 6%-дың орнына 8,3%  тиімді мөлшер қолданылған. Ал, тиімді мөлшермен есептеу әдісі бойынша 16-қосымша қолданылуы керек еді. 

         2-тармақ. Әдістеменің  50,52,55-тармақтары сақталмай, салықтық әлеуеті және инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес есептеулер жүргізілмей, жер салығы  – 570 363,0 мың теңгеге, біріңғай жер салығы - 3 098,0 мың теңгеге,  табиғат ресурстарын пайдаланудан түсетін түсімдер - 858 052,0 мың теңгеге  болжамдалған.

         Әдістеменің 57-тармағының  талабы сақталмай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары бойынша болжау жүргізілмей, 1 553 058,0 мың теңге бекітілген.

         3-тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген негізділік принципінің жекелеген нормалары сақталмаған, яғни жекелеген салық түрлері бойынша бекітілген көлем нормативтік құқықтық актілер, салық салу базасының өзгеруі, жалақы қоры мен жұмысшылар санының өзгеруі, салықтық заңнамадағы өзгерістер, тағы басқа да факторлармен негізделмеген. Атап айтқанда:

         -жеке табыс салығы 40 615 589,0 мың теңгеге болжамдалғанымен, 49 841 603,0 мың теңге көлемінде, яғни болжамдалған көлемнен 9 226 014,0 мың теңгеге артық бекітілген (кірістерді бөлу нормативтерінің белгіленген мөлшеріне сәйкес, облыстық бюджет  - 35 161 358,0 мың теңге ).

-әлеуметтік салық 38 419 637,0 мың теңгеге болжамдалып, 45 350 100,0 мың теңгеге бекітілген  (оның ішінде: кірістерді бөлу нормативтерінің белгіленген мөлшеріне сәйкес, облыстық бюджеттің өзіне - 31 752 351,0 мың теңге), яғни 6 930 463,0 мың теңгеге болжамдалған көлемнен артық бекітілген.

-қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем 2 533 151,0 мың теңгеге болжамдалған, 2 631 932,0 мың теңгеге бекітілген, болжамдалған көлемнен 98 781,0 мың теңгеге артық бекітілген.

         4-тармақ. Бюджет кодексінің 108-бабының 3-тармағы сақталмай, бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келгенұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігіне тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптары бар ұсыныстар енгізілуі тиіс талаптары сақталмаған. Яғни, жыл бойы өзгерту енгізуге қажетті салық салу базасының өзгеруі, жалақы қоры мен жұмысшылар санының өзгеруі, салықтық заңнамадағы өзгерістер  сияқты тағы басқа да факторлармен негізделмеген. Атап айтқанда:

-жеке табыс салығы 770 527,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 670 938,0 мың теңгеге азайтылған;

-әлеуметтік салық 984 268,0 мың теңгеге ұлғайтылып, 440 666,0 мың теңгеге азайтылған;

-қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем 316 082,0 мың теңгеге азайтылған.

5-тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген  сабақтастық принципінің нормалары өз деңгейінде сақталмаған, бюджетті жоспарлау  бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделмеген. Яғни, 2017 жылға бюджетті жоспарлауда, өткен  2016 жыл соңында да аталған салықтар бойынша түсімдердің орындалмағаны ескерілмеген:

         -жеке табыс салығы өткен 2016 жыл қорытындысымен  - 1 081 325,1 мың теңгеге орындалмаған (жоспар –33 921 576,2 мың теңге, орындалысы – 32 840 251,0 мың теңге) 2017 жылы орындалмаған көлем 2016 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға өскен;

         -әлеуметтік салық  өткен 2016 жыл қорытындысымен - 1 183 070,1 мың теңгеге орындалмаған (жоспар – 30 434 392,7 мың теңге,  орындалысы – 29 251 322,6 мың теңге) 2017 жылы орындалмаған көлем 2016 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға азайған;

         -қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем   2016 жыл қорытындысымен –486 842,9 мың теңгеге орындалмаған (жоспар – 2 465 853,0 мың теңге,  орындалысы – 1 979 010,1мың теңге) 2017 жылы орындалмаған көлем 2016 жылмен салыстырғанда 230,0%-ға өскен.

Аталған салықтық түсімдердің түрлері бойынша орындалмау фактілері былтыр 2016 жылы да орын алып, салдарынан жалпы кіріс бөлігінің 2016 жылы да 2 506 383,0 мың теңгеге орындалмауына жол берілген.

6-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттікжәне үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың
стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын
әзірлеу жөніндегі әдістемесінің» (одан әрі - №58 бұйрық)  бұйрығының 165-тармағы ескерілмей, өзгертілген 6-бағытының мақсаты бойынша «Қажетті ресурстар» бөлімінде қажетті қаржылық ресурстар көрсетілмеген.

7-тармақ. № 58-бұйрықтың 3-қосымшаның 10-тармағы  сақталмай, аумақтарды дамыту бағдарламаларына жүргізілген мониторингілеудің дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ету  талабы сақталмаған

Жолдар мен көлік саласында іс-шарасы бойынша жалпы құны 8 570 310,0 мың теңгені құрайтын «Құрық –порт Құрық» автожолын қайта жаңғырту нысанының аяқталғаны көрсетілген.  Алайда,   ҰК «ӘКК «Каспий» АҚ –нан сұратылған деректе құрылыс жұмысы аяқталмағаны, келісім шарт 2017 жылдың желтоқсан айында жасақталғаны көрсетілген.

8-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары» бұйрығының 7-тармағының талабы сақталмай, 2017 жылы құрылысы аяқталған 2 инвестициялық жоба бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру көлемі 10 %-дан аз болған.

Атап айтқанда:

-«Мұнайлы ауданы Батыр селосындағы сыртқы сумен қамтамасыз ету 2-кезеңі» нысаны бойынша республикалық бюджеттен 902 173,5 мың теңге қаржыландырылған, жергілікті бюджеттен  - 79 085,6 мың теңге, немесе 8,8%;

-«Сайын Шапағатов селосында жаңа тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету 2-кезең» нысаны бойынша республикалық бюджеттен 378 170,3 мың теңге қаржыландырылған, жергілікті бюджеттен - 32 087,3 мың теңге, немесе 8,5%.

9-тармақ. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойыншажүргізілген мониторингілеудің дұрыстығы мен толықтығы қамтамасыз етілмеген.

Яғни, № 58 бұйрықтың 3-қосымшасының 10-тармағы сақталмай, 2017 жылы – 4 бағытта жаңадан маршруттың қосылғаны туралы ақпарат берілген. Алайда орындалуына жауапты Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасының деректеріне сәйкес 3 бағыт бойынша (Ақтау-Форт-Шевченко, Ақтау-Жетібай, Ақтау-Құрық) автобус маршруттары жүрмейтіні анықталды, есептілік анық ақпаратпен қамтылмаған.

Сонымен қатар, № 58 бұйрықтың 3-қосымшасының 2-қосымшасының "Орындалуы туралы ақпарат" деген 11-бағанда көрсеткіштердің іс жүзіндегі және жобалық мәндерінің сәйкессіздігінің себептер туралы қысқаша ақпаратты және іс-шаралардың қысқаша орындалуы туралы ақпаратты көрсете отырып "Орындалған", "Орындалмаған" немесе "Ішінара орындалған" деп көрсетіледі деген талаптары есептілік жасауда келесі 2 іс-шара бойынша сақталмаған:

-2016-2017 жылдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы «Ақтау қаласында автовокзал салу» жүзеге асыру жоспарланған. Іс-шара орындалмаған. Жасақталған техникалық-экономикалық негiздемесi бойынша қорытынды 30.06.2011 жылы жасақталып, жоба құны – 1482,0 млн.теңгеге айқындалған,  автовокзал салынбаған.

-2015-2019 жылдары аралығына Маңғыстау облысында жолаушыларға арналған 12 қызмет көрсету пунктін салу, оның ішінде 2017 жылға жергіліктібюджет есебінен 22,0 млн. теңге бөлу жоспарланған. Іс-шара орындалмаған, қаражат бөлінбеген.

Алайда, орындалмағаны туралы толық ақпарат есептілікте көрсетілмеген.

 

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

 

7.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 16 255 258,0 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бюджет кодексінің бюджетті болжау, бекітужәне өзгерістер енгізу бөлігіндегі талаптары өз дәрежесіндесақталмаған.

Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген негізділік принципінің жекелеген нормалары сақталмаған, яғни жекелеген салық түрлері бойынша бекітілген көлем нормативтік құқықтық актілер, салық салу базасының өзгеруі, жалақы қоры мен жұмысшылар санының өзгеруі, салықтық заңнамадағы өзгерістер, тағы басқа да факторлармен негізделмеген. Атап айтқанда:

         -жеке табыс салығы 40 615 589,0 мың теңгеге болжамдалғанымен, 49 841 603,0 мың теңге көлемінде, яғни болжамдалған көлемнен 9 226 014,0 мың теңгеге артық бекітілген.

-әлеуметтік салық 38 419 637,0 мың теңгеге болжамдалып, 45 350 100,0 мың теңгеге бекітілген, яғни 6 930 463,0 мың теңгеге болжамдалған көлемнен артық бекітілген.

-қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем 2 533 151,0 мың теңгеге болжамдалған, 2 631 932,0 мың теңгеге бекітілген, болжамдалған көлемнен 98 781,0 мың теңгеге артық бекітілген.

         2017 жыл қорытындысымен:

         -35 260 947,0 мың теңгеге түзетілген жеке табыс салығының орындалысы  34 101 679,2 мың теңгені құрап, 1 159 267,8 мың теңгеге орындалмаған немесе 96,7% - ға орындалған;

         -32 295953,0 мың теңгеге түзетілген  әлеуметтік салығының орындалысы 30 856 906,1 мың теңгені құрап, 1 439 046,9 мың теңгеге орындалмаған немесе 95,5% - ға орындалған;

         -2 315 850,0 мың теңгеге түзетілген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнің орындалысы 1 192 332,1 мың теңгені құрап, 1 123 517,9 мың теңгеге орындалмаған немесе 51,5% - ға орындалған.

         Нәтижесінде, 2017 жыл қорытындысымен облыстық бюджеттің басым бөлігін құрайтын салықтық түсімдердің орындалмау салдарынан облыстық бюджеттің жалпы кіріс бөлігінің 3 510 502,8 мың теңгеге (96,6%) орындалмауы орын алған.

         Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген  сабақтастық принципінің жекелеген нормалары -бюджетті жоспарлауда бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделуі- талабы  сақталмаған.

         Яғни, 2017 жылға бюджетті жоспарлауда, өткен  2016 жыл соңында да жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер   бойынша түсімдердің орындалмағаны ескерілмеген.

Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іскеасырылуына жүргізілген талдау нәтижесінде анықталғаны: 2017 жылға жоспарланған 180 индикатор ішінен (жоспарланбағандарды есепке алмағанда) 2017 жылдың қорытындысы бойынша 130 нысаналы индикаторларға қол жеткізілген (жалпы санның 72,2%), 30 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген (16,7%), 20 нысаналы индикатор бойынша (11,1%) статистикалық деректер жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына жүргізілген талдау нәтижесінде, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен 1 мақсат бойынша  3 міндеттеме алынғаны, 24 іс-шара жоспарланғаны, оның 2 іс-шарасы немесе 8,3%-ы жүзеге асырылмағаны, 1 тікелей нәтиже көрсеткішінің орындалысы нақты деректермен қамтамасыз етілмегені анықталды.

2017 жылы құрылысы аяқталған 2 инвестициялық жоба бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру көлемі 10 %-дан аз болған.

Бұзушылықтар, негізінен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының бюджетті болжау және өзгерту бөлігіндегі талаптардың өз дәрежесінде сақталмауынан, нақтырақ айтқанда,  жауапты қызметкерлермен түсімдерді болжау бойынша әдістеменің терең зерделенбеуінен және бюджет жүйесінің принциптерінің жеткілікті дәрежеде еленбеуінен болып отыр. Аталған бұзушылықтар облыс бюджетінің түсімдерінің толық орындалмауына әкеліп отыр.

Сонымен қатар, аумақтың даму бағдарламасына, мемлекеттік бағдарламаға жүргізілген мониторингілеудің дұрыстығы мен толықтығы қамтамасыз етілмеген.Бұл – өз кезегінде өңірдің дамуы туралы ақпараттың шынайылығына әсер етеді.

 

8.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

        

         1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

         2.Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Ш.Ильмуханбетоваға  мемлекеттік аудит қорытындысын бюджетті жоспарлауға жауапты  уәкілетті органдардың қатысуымен қарауды ұсынамын.

         3.«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Х.Нургалиева):

         1)Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінің» талаптарын және аумақтың даму бағдарламасына, мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізу бойынша заңнамаларды тиісті дәрежеде зерделеп, талқылап, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті шара алуды  ұсынамын.

 

                            Жалғама: жиынтық тізбе   1   бетте.

                  

Тексеру комиссиясының

мүшесі                                                      А.Нурбосынова 

 

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя