19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

19.03.2018 ж. № 02-02/1 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынамемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектісі: «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторлары А.О. Рзамбек пен Б.Т. Джаумитпаева жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең:2015 жылдың қаңтары – 2017 жылдың желтоқсаны аралығы.

 

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыстағы этносаралық және конфессияаралық келісім саласында аумақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, облыс тұрғындарының әлеуметтік оңтайлығын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдегі ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері: өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; ішкі саясат саласында өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттардың әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдарды, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының тиімді іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасына 2015 жылыжалпы сомасы 677070,0 мың теңге бөлініп, оның 677 062,3 мың теңге сомасы игерілген. Қаржы жылы соңына жете игерілмеген 7,7 мың теңге сома үнемдеулер есебінен қалыптасқан.

263.001. «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 134 516,0 мың теңге қаржының 134 510,2 мың теңге сомасы игерілген, оның ішінде:

- 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» 232,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілген;

- 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бөлінген 134 284,0 мың теңге қаржының 134 278,2 мың теңге сомасы игерілген.

263.005. «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 500,0 мың теңге қаржының 499,3 мың теңгесі игерілген.

263.007. «Мемлекеттік ақпараттық саясат  жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 509 961,0 мың теңге жоспарланып, 509 960,6 мың теңгеге орындалған.

263.077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 32 093,0 мың теңге жоспарланып, оның 32 091,8 мың теңгесі игерілген, оның ішінде;

- 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бөлінген жалпы сомасы 25 674,0 мың теңге қаржының 25 673,5мың теңге сомасы игерілген;

- 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бөлінген жалпы сомасы 6 419,0 мың теңге қаржының 6 418,3 мың теңге сомасы игерілген.

2016 жылыбөлінгенжалпы сомасы 640 515,0 мың теңге қаржының 635 880,3 мың теңге сомасы игерілген. Қаржы жылы соңына жете игерілмеген жалпы сомасы 4 634,7 мың теңге қаражат үнемдеулер есебінен құралған.

280.001. «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 106 220,0 мың теңге жоспарланып, оның 101 586,3 мың теңге сомасы игерілген, оның ішінде:

- 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бөлінген жалпы сомасы 6 544,0 мың теңге қаржының 6 539,0 мың теңге сомасы игерілген;

- 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бөлінген жалпы сомасы 99 676,0 мың теңге қаржының 95 047,3 мың теңге сомасы игерілген.

263.007. «Мемлекеттік ақпараттық саясат  жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 509 258,0 мың теңге қаржы жоспарланып, 509 257,6 мың теңгеге орындалған.

263.077. «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 25 037,0 мың теңге бюджет қаржысы 25 036,4 мың теңге сомаға игерілген, оның ішінде:

- 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бөлінген жалпы сомасы 15 022,0 мың теңге қаржының 15 021,8 мың теңге сомасы игерілген;

- 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бөлінген жалпы сомасы 10 015,0 мың теңге қаржының 10 014,5 мың теңге сомасы игерілген.

2017 жылыбарлық бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 670 256,0 мың теңге жоспарланып, оның 584 900,9 мың теңге сомасы игерілген. Қаржы жылы соңына игерілмеген 85 355,1 мың теңге қаржы негізінен бюджеттің қолма қол ақшаның бақылау шотында жеткілікті қаражат болмауына байланысты және үнемдеулер есебінен қалыптасқан.

263.001. «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты  іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 94 350,0 мың теңге жоспарланып, оның 78 213,5 мың теңге сомасы игерілген.

263.007. «Мемлекеттік ақпараттық саясат  жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 550 793,0 мың теңге қаржының 485 092,4 мың теңге сомасы игерілген.

263.077. «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған жалпы сомасы 25 033,00 мың теңге қаржының 21 514,9 мың теңгесі игерілген, оның ішінде:

- 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» бөлінген жалпы сомасы 12 515,0 мың теңге қаржы 12 514,9 мың теңге сомаға игерілген;

- 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» бөлінген жалпы сомасы 12 518,0 мың теңге қаржының 9 000,0 мың теңге сомасы игерілген.

«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 987 841,0 мың теңге бюджет қаржысы қамтылып, аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 217,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қалпына келтірілуге (өтелуге) жататыны – 1 217,1 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 52 563,9 мың теңгені құрайтын, саны 46 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Басқарма орналасқан Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, №1 ғимараты ауыз су жүйесімен қамтылған. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 18.09.2014 ж. № 403 бұйрығымен бекітілген«Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына» сәйкескоммуналдық қызметтерге (суға, газға және оны тасымалдау, электр энергиясы және жылытуға) төлеуге арналған шығындар 151 ерекшелік бойынша жүргізіледі.

1-тармақ. Алайда Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-ші бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципі сақталмай, Басқарма орналасқан ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасыарқылы оған шығындар жоспарланып, жүргізілгендігіне қарамастан, Басқарма тарапынан 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, жалпы сомасы 113,1 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған: 2015 жылы – 41,0 мың теңгеге, 2016 - 38,5 мың теңгеге және 2017 жылы – 33,6 мың теңгеге.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 4-бабының 9-тармақшасының және 67-бабының 12-тармағының талаптары сақталмай, 2015 жылы 001 бюджеттік бағдарламасының 152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша интернет желісіне қосылу қызметтеріне жалпы сомасы 1 050,4 мың теңге шығыстардың негізсіз жоспарлануына жол берілген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның тiкелей нәтиженің көрсеткiштерi абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен көрсетуге рұқсат берілмейді.

Алайда Басқарманың 2015-2017 жылдарға арналған 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіші пайыздық шамамен көрсетілген.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9-тармағының 12) тармақшасыныңбюджеттік бағдарламаның түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi абсолюттік, сол сияқты салыстырмалы немесе пайыздық шамаларында көрсетілетіндігі туралы талабы сақталмай, Басқарманың 2015-2017 жылдарға арналған 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттікбағдарламасының түпкілікті нәтиже көрсеткіші ақшалай өлшемде көрсетілген.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 15-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын ұйымның қызметіне немесе көрсететін қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетің қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі.

Алайда Басқарманың 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған  077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттікбағдарламасында тікелей нәтиже көрсеткіш ретінде Басқарманың қызметіне толық тәуелді болмайтын көрсеткіш «Облыс бойынша есіту қабілеті төмен мүгедектер саны» көрсетілген.

6-тармақ.ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9-тармағының 4) тармақшасының және 15-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған.

7-тармақ.ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 28-тармағының талабына сәйкес, аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

8-тармақ. Басқарма қызметкерлеріне сыйақылар берілу тәртібіне жасалған ішінара тексеру барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 44-ші бабының 3-ші тармағы талаптары бұзылып, 2016 жылы республикалық бюджеттен 089 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілік  қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыру мақсатында бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Басқарманың  08.12.2016 ж. № 11-04/116 бұйрығы негізінде 7 мемлекеттік қызметкерлерге жалпы сомасы 810,0 мың теңге сыйақылар берілгені анықталды.

Сол сияқты, көрсетілген бұйрық негізінде республикалық бюджеттен бөлінгенеңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сонымен қатар лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен Басқарманың 5 өзге де қызметшілеріне 294,0 мың теңге сыйақы берілген.

Басқармаға 2013 жылы интернет-ресурсын (веб-сайт) жасауға 004 «Ақпараттық жүйелер құру» бюджеттік бағдарламасының 416 «Материалдық емес активтерді сатып алу» ерекшелігі бойынша 1 200,0 мың теңге бюджет қаражаты бөлінген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің03.08.2010 ж. № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 336-тармағына сәйкес объект материалдық емес актив анықтамасына жауап беру үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни сәйкестендірімділікке, ресурстарды басқаруға және болашақ экономикалық пайданың болуына жауап беруі тиіс.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 24.11.2015 ж. «Ақпараттандыру туралы» Заңының 32-бабының 2-тармағына сәйкес, бюджет қаражаты есебiнен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тәсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурсқа тек Басқарманың ерекше құқығы болуы мүмкін.

9-тармақ.Алайда «IMS Service» ЖШС-мен жалпы сомасы 1 200,0 мың теңгеге 17.07.2015 ж. № 70 шарт қолданыста болған Қазақстан Республикасының 21.07.2007ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағының 25) тармақшасы негізсіз қолданылып, жасалған.

Шарттың 2-бөлімінде «OpenSpace» контенттік басқару жүйесі» бағдарламасына техникалық қолдау қызметін көрсету үшін жасалғандығы көрсетілген, ал осы Шарттың 1-қосымшасында техникалық қолдау бойынша қызмет Басқарманың интернет-ресурсына көрсетілетіндігі белгіленген.

21.12.2012 ж. № 1427 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінде авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік құқықтар «OpenSpace» контенттік басқару жүйесі» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама) атауымен тіркелген, яғни Басқармамен сатып алынған интернет-ресурсына немесе «OpenSpace» контенттік басқару жүйесіне» (ЭЕМ-ға арналған бағдарламасына) техникалық қолдау көрсету қызметтері зияткерлік меншік объектілері болып табылмайды.

Сонымен бірге, «OpenSpace» контенттік басқару жүйесіне» (ЭЕМ-ға арналған бағдарламасына) қатысты ерекше құқықтардың иесі болып «IMS Service» ЖШС-гі табылатындықтан, ол жүйеге (бағдарламаға) техникалық қолдау көрсетуге бюджеттен қаражат бөлу ҚР Бюджет кодексінің 4-ші бабында көрсетілген бюджет жүйесінің негізділік принципіне қайшы келеді.

10-тармақ.Сол сияқты 2016 жылы Басқармамен Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 3) тармақшасы негізсіз қолданылып, жалпы сомасы 1 000,0 мың теңгеге «IMS Service» ЖШС-мен Басқарманың ресми сайтына қызмет көрсетуге 18.03.2016 ж. № 11 шарт жасалынған.

11-тармақ.Сондай-ақ, 2017 жылы Басқармамен Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 3) тармақшасы негізсіз қолданылып, жалпы сомасы 1 000,0 мың теңгеге «IMS Service» ЖШС-мен Басқарманың интернет-ресурсына техникалық қолдау қызметін көрсетуге 30.03.2017 ж. № 24 шарт жасалынған.

12-тармақ.2015 жылы қолданыста болған Қазақстан Республикасының 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағының 8) тармақшасы негізсіз қолданылып, форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге жалпы сомасы 17 748,1 мың  теңгеге 5 келісім-шарттар Заң нормаларын қолданбай жасалған.

13-тармақ.2016 жылы Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 45) тармақшасы негізсіз қолданылып, форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге жалпы сомасы 12 685,0 мың  теңгеге 4 келісім-шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған.

14-тармақ.2017 жылы Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 45) тармақшасы негізсіз қолданылып, форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге жалпы сомасы 5 050,0  мың  теңгеге 2 келісім-шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалған.

15-тармақ.2015 жылы қолданыста болған Қазақстан Республикасының 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағының 3) тармақшасының талаптары сақталмай, көрсетілген қызметтердің көлеміне деген  қажеттіліктің артуы негізделмей, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған 7 мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына жалпы сомасы 12 830,4 мың теңгеге арттыру бөлігінде өзгерістер енгізілуге жол берілген.

 

Мемлекеттік аудиттің барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында Басқармамен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен берілген сыйақылардың 810,0 мың теңге сомасының бюджетке өтелуі қамтамасыз етілді (17.01.2018 ж. № 0001 түбіртек көшірмесі).

Сонымен бірге, трансферттер есебінен Басқарманың өзге де қызметшілеріне берілген 294,0 мың теңге сыйақы сомасы да мемлекеттік аудит барысында бюджет кірісіне өтелді (24.02.2018 ж. № 0008 түбіртек көшірмесі).

Басқармамен бюджет қаржысы есебінен ауыз суға жұмсалған жалпы сомасы 113,1 мың теңге қосымша шығындардың бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілді (19.02.2018 ж. № 0007 түбіртек көшірмесі).

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымдар

«Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 217,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататыны – 1 217,1 мың теңге. Сонымен бірге, жалпы сомасы 52 563,9 мың теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны да анықталды.

Аудиторлық іс-шара барысында облысты дамытудың бағдарламасында айқындалған мақсаттармен, нысаналы индикаторлармен не мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты, жергілікті бюджет шығыстарының бағытын айқындайтын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кезінде кемшіліктер орын алғандығы анықталды.

Осылайша, Басқарманың 2015-2017 жылдарға арналған 077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіші пайыздық шамамен көрсетілген. Сондай-ақ, осыбюджеттікбағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткішінің ақшалай өлшемде көрсетілуіне жол берілген.

Ал 2016-2018 және 2017-2019 жылдарға арналған  077 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі  2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру» бюджеттікбағдарламасында тікелей нәтиже көрсеткіш ретінде Басқарманың қызметіне толық тәуелді болмайтын көрсеткіш «Облыс бойынша есіту қабілеті төмен мүгедектер саны» көрсетілген.

Сонымен қатар, аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған және бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған.

2015 жылы 001 бюджеттік бағдарламасының 152 «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша интернет желісіне қосылу қызметтеріне шығыстар негізсіз жоспарланған.

Басқарма орналасқан ғимарат ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілгеніне және оған шығындар жоспарланып, жүргізілетіндігіне қарамастан, бюджет қаржысы есебінен ауыз суға қосымша шығындар қаралып, 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 113,1 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынған.

2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қызметкерлерлерге жалпы сомасы 1 104,0 мың теңге көлеміндесыйақылар берілген.

Аудитпен қамтылған 2015-2017 жылдары Басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын Заң нормаларын қолданбай жасау және бір көзден алу тәсілімен жасау жөніндегі нормалары негізсіз қолданылып, жалпы сомасы 3 200,0 мың теңгеге «IMS Service» ЖШС-мен Басқарманың интернет-ресурсына техникалық қолдау қызметтерін көрсетуге шарттар жасалынғаны анықталды.

Сондай-ақ, аудитпен қамтылған 2015-2017 жылдары Басқармамен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың мемлекеттік сатып алу шарттарын Заң нормаларын қолданбай жасау және бір көзден алу тәсілімен жасау жөніндегі нормалары негізсіз қолданылып, жалпы сомасы 35 483,1 мың теңгеге форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтер сатып алынған.

2015 жылы қолданыста болған мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сай, көрсетілген қызметтердің көлеміне деген  қажеттіліктің артуы негізделмей, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған 7 мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына жалпы сомасы 12 830,4 мың теңгеге арттыру бөлігінде өзгерістердің енгізілуіне жол берілген.

Анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит объектісімен бюджет заңнамасы және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының тиісті дәрежеде сақталмауы себепті орын алып отыр.

 

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша ұсынымдар

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуынажүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысын қарауды ұсынамын.

2. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қ. Жұмағалиға 2018 жылдың 19 сәуіріне дейін:

1) Анықталған заң бұзушылықтар фактілеріне назар аудару және оларды  болдырмау мақсатында аудиторлық іс-шара нәтижелерімен Басқарманың лауазымды тұлғаларын таныстыру ұсынылады;

2) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының веб-сайтта орналастырылуын қамтамасыз ету ұсынылады;

3) 2017 қаржы жылы бюджеттің қолма қол ақшаның бақылау шотында жеткілікті қаражат болмауына байланыстыорын алған кредиторлық берешектерді жою бойынша шараларды қабылдау ұсынылады.

4) Осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 19 сәуіріне дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

3. Заң сараптамасының қорытындысында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарына жауапты мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материалдар жолдауды ұсынамын.

4. Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен мемлекеттік аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 1217,1 мың теңгеқаражаттың бюджетке өтелуінің қамтамасыз етілгендігін ескеруді ұсынамын.

 

Қосымша (___ парақ): мемлекеттік аудитнәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                      Гапуов Е.Г.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя