19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

13.12.2017 ж. № 02-02/16 қаулысымен бекітілген

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Тазалық» МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектісі:

1) «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман – бас мемлекеттік аудиторы А.О. Рзамбек жүргізді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.01.2015 ж. – 30.06.2017 ж. аралығы.

Негізгі (талдамалық) бөлік

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Жаңаөзен қаласы бойынша энергетика, жылу және сумен қамтамасыз ету инфракұрылымдарын дамыту үшін бағытталған тиімді іс-шаралар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, қала аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

2015 жылы Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) 487.017 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 793244,0 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілген.

487.030 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 255 088,0 мың теңге қаржы толықтай игерілген.

487.031 «Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 131,0 мың теңге қаржы жыл қорытындысында толық игерілген.

2016 жылы 487.017 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 370 000,0 мың теңге қаржы толықтай игерілген.

487.030 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген жалпы сомасы 680 820,0мың теңге қаржы толықтай игерілген (011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» кіші бағдарламасы бойыншажалпы сомасы 300 000,0 мың теңге; 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» жалпы сомасы 380 820,0 мың теңге).

2017 жылдың І жартыжылдығында 487.017 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 810137,0 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілген.

487.030 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 223 372,0мың теңге бөлініп, толықтай игерілген.

1-тармақ. Бөлімнің 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (017, 030 және 031) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 32-ші бабының 2, 9 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 ж. № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың» 9, 15 тармақтарының талаптарына сай келмейді.

Атап айтқанда, бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерікөрсетілмеген, ал тiкелей нәтижелер көрсеткіштерінің ақшалай көрсеткіште көрсетілуіне жол берілген. Сол себепті Бөлімнің бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалау мүмкін болмады.

2-тармақ. Бөлім қолданыста болған Қазақстан Республикасының 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының4-бабының 1-тармағының 31-1 тармақшасын негізсіз басшылыққа алып, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын орындауға «Тазалық» МКК-мен жалпы сомасы 1 048 463,6 мың теңгеге6 шарттар жасаған.

Қолданыста болған ҚР-ның 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының4-бабының 1-тармағының 31-1 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы осы Заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.

Осылайша Бөліммен сатып алу жағдайлары Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделмесе де, мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының бұзылуына жол берілген.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік кәсіпорындардан сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбегені ескерілмей, Бөлім Қазақстан Республикасының 04.12.2015ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 27-тармақшасын негізсіз басшылыққа алып, 2016-2017 жылдары санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын орындауға «Тазалық» МКК-мен жалпы сомасы 2 686 339,8 мың теңгеге12 шарттар жасаған: 2016 жылы – 8 шарт 1535973,9 мың теңгеге; 2017 жылдың І жартыжылдығында – 4 шарт 1 150 365,9 мың теңгеге.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабының1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға; 2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруге; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікке негізделген қағидаттары сақталмаған.

4-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» 6 тармағының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Бөліммен жергiлiктi атқарушы органның аумақты дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға алып келетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін және ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерді әзiрлеп, «Тазалық» МКК-на жеткiзілуі қамтамасыз етілмеген.

5-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.02.2003 ж. № 145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1-ші тармағының талаптары сақталмай, «Тазалық» МКК-ның даму жоспарын қарау және бекіту кезінде 2015-2017 жылдары мемлекеттік кәсіпорын шығыстарының лимиттері белгіленіп, бекітілмегендігі анықталды.

6-тармақ. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» 17-19 және 22 тармақтарының талаптары сақталмай, 2015-2016 жылдары «Тазалық» МКК-ның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау жүргізілмеген.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны:

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын түрінде құрылған заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган – «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Кәсіпорын қаланы көркейту саласындағы шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

- жасалған шаруашылық келісімдер негізінде мемлекеттік тапсырыстарды орындау;

- жоғары рентабельді жұмысты қамтамасыз ету, яғни өнімдер мен қызметтердің өз бағасын түсіру, олардың сапасын жақсарту;

- қала аумағын көркейту: автомобиль жолдарын, жүргіншілердің тротуарларын, ескерткіштерді, фонтандарды, балалардың ойын аландарын, жүргіншілердің қоршауларын жөндеу, қайта қалпына келтіру;

- қала аумағын санитарлық тазалау және ұстау;

- тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау, қайта өндеу, көму және өткізу;

- қаланы көгалдандыру мен безендіру қызметтері.

Кәсіпорын Маңғыстау облысы әкімдігінің 19.02.2016 ж. № 51 қаулысына сәйкес2016-2020 жылдарға арналған коммуналдық меншікті жекешелендіру нысандарының тізбесіне енгізілген.

7-тармақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының» 4, 5 және 6 тармақтарының талаптары сақталмай, аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмеген. Сондай-ақ,Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

8-тармақ.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 79-бабының 1, 2 тармақтарының және 103-бабының 1-тармағының талаптары бұзылып, 2015-2016 жылдары Кәсіпорынның еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз болған 9 жұмыскерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыттары үшін жалпы сомасы 181,4 мың теңге жалақылар есептеліп, төленген: 2015 жылы 6 жұмыскерлерге – жалпы сомасы 142,5 мың теңге; 2016 жылы 3 жұмыскерге – жалпы сомасы 38,9 мың теңге.

9-тармақ. ҚР Үкіметінің 10.02.2003 ж. № 145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1-тармағының 3-тармақшасының және ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының 1-тармақшасының талаптары бұзылып, 2015-2016 жылдары іссапарларда болған Кәсіпорын қызметкерлеріне тәулікақы бойынша іссапар шығыстары әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде белгіленген тәулікақы мөлшерінен артық төленгені анықталды. Осылайша, белгіленген мөлшерден асырып өтелген тәулікақы бойынша іссапар шығыстарының жалпы сомасы 883,1 мың теңгені құрайды: 2015 жылы – 412,2 мың теңге; 2016 жылы – 470,9 мың теңге.

10-тармақ. Сонымен қатар,ҚР Үкіметінің 10.02.2003 ж. № 145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1-тармағының 3-тармақшасының және ҚР Үкіметінің 22.09.2000 ж. № 1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапарлары жөніндегі ереженің» 9-тармағының 2, 3 тармақшаларының талаптары бұзылып, 2015-2016 жылдары іссапарларда болған қызметкерлерге жалпы сомасы 261,2 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау және жол жүру бойынша іссапар шығыстары негізсіз, артық өтелгені анықталды: 2015 жылы – 69,4 мың теңге; 2016 жылы – 191,8 мың теңге.

11-тармақ. Мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген ішінара тексеру барысында Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-шы бабы негізсіз қолданылып, Кәсіпорынмен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен 2016-2017 жылдары жалпы сомасы 123 421,4 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар (шырша, қарағаш, бұталар, гүлдер және т.б.) жүргізілгені анықталды: 2016 жылы – 31 575,0 мың теңге, 2017 жылы – 91 846,4 мың теңге.

Осымен Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-ші бабында көрсетілгенмемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға, өзге әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуына тең мүмкіндік беруге және мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығына қатысты қағидаттарының бұзылуына жол берілген.

12-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 27-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік кәсіпорындар тапсырыс берушілер болып табылады және Заңның 1-бабына сәйкес, осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады.

Алайда, 2016 жылы және 2017 жылдың І жартыжылдығында Кәсіпорынмен Заңның 5-бабының 7-ші және 8-ші тармақтарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауды осы Заңда айқындалған тәртіппен жүзеге асыруға қатысты талаптары бұзылып, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуға жол берiлген.

2016 жылы мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылмай, жалпы сомасы 53 946,8 мың теңгеге15 автокөліктер жалға алынған (жеңіл автокөліктер, автобустар, самосвалдар, кран, ГАЗель автокөліктері және т.б.).

2017 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылмай, жалпы сомасы 40 299,3 мың теңгеге 20 автокөліктер және арнайы техникалар жалға алынған(жеңіл автокөліктер, автобустар, самосвалдар, кран, бульдозер және т.б.).

Осымен Заңның 4-ші бабында көрсетілгенмемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға, өзге әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуына тең мүмкіндік беруге және мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығына қатысты қағидаттарының бұзылуына жол берілген.

13-тармақ. Қолданыста болған Қазақстан Республикасының 21.07.2007 ж. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 8-ші және 9-шы тармақтарының талаптары бұзылып, 2015 жылы Кәсіпорынмен мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылмай, мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген жалпы сомасы 70 973,7 мың теңгеге 14 автокөліктерді (жеңіл автокөліктер, автобустар, самосвалдар, кран, ГАЗель автокөліктері және т.б.)жалға алу бойынша қызметтердi сатып алуға жол берiлген.

Мемлекеттік аудиттің барысында қабылданған шаралар

Аудиторлық іс-шара барысында бұзушылықтарды қалпына келтіруге (бюджетке өндіруге) қатысты шаралар қабылданбаған.

Кәсіпорынмен белгіленген тәулікақы мөлшерінен артық төленген іссапар шығыстары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, соттың қарауына жолданды.

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша тұжырымдар

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-де және «Тазалық» МКК-да жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 325,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және жалпы сомасы 4 023 444,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Бөлімнің 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (017, 030 және 031) түпкілікті нәтижелері белгіленбей және тiкелей нәтиже көрсеткiштері ақшалай көрсетіліп әзірленген себепті заңнама талаптарына сай келмейді, яғни, аталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар жасалғанымен, нәтижесінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы өңірдің даму бағдарламасына байланысты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге берген әсерін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Бөліммен жергiлiктi атқарушы органның аумақты дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға алып келетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін және ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерді әзiрлеп, Кәсіпорынға жеткiзілуі қамтамасыз етілмеген. Нәтижесінде Кәсіпорынның даму жоспары заңнама талаптарына сай әзірленбеген: аудитпен қамтылған кезеңде Кәсіпорынның даму жоспарында санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштер көрсетілмегені анықталды. Сондай-ақ, Кәсіпорынның даму жоспарында қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштердің белгіленбеуі, Кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуын объективті бағалауға теріс әсерін тигізіп, көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептерін талдауға, сондай-ақ қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қиындық келтіреді.

Сонымен қатар, Бөліммен 2015-2016 жылдары Кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау жүргізілмеген.

Бөлімменмемлекеттік кәсіпорын шығыстарының лимиттері белгіленіп, бекітілмегендігі анықталды.

Нәтижесінде 2015-2016 жылдары іссапарларда болған Кәсіпорын қызметкерлеріне тәулікақы бойынша іссапар шығыстары әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде белгіленген тәулікақы мөлшерінен артық төленгені анықталды. Белгіленген мөлшерден асырып өтелген тәулікақы бойынша іссапар шығыстарының жалпы сомасы 883,1 мың теңгені құраған.

Сонымен бірге, 2015-2016 жылдары іссапарларда болған Кәсіпорын қызметкерлеріне жалпы сомасы 261,2 мың теңгетұрғын үй-жайды жалдау және жол жүру бойынша іссапар шығыстары негізсіз, артық өтелген.

2015-2016 жылдары Кәсіпорынның еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз болған 9 жұмыскерлеріне нақты жұмыс істемеген уақыттары үшін жалпы сомасы 181,4 мың теңге жалақылар есептеліп, төленгені анықталды.

Бөлім 2015-2017 жылдары заң нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілдерін негізсіз қолданып, Кәсіпорынмен санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын орындауға мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының қағидаттарының бұзылуына жол берілген.

2016-2017 жылдары Кәсіпорынмен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі негізсіз қолданылып, жалпы сомасы 123 421,4 мың теңгеге мемлекеттік сатып алулар жүргізілгені анықталды.

Сонымен қатар, 2015-2017 жылдары Кәсіпорынмен мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылмай, мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген (нақтыланған) жылдық жоспарында көзделмеген жұмыстар, қызметтер сатып алынған.

Осымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсауға, өзге әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуына тең мүмкіндік беруге және мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығына қатысты қағидаттарының бұзылуына жол берілген.

Мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша ұсынымдар

1. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Тазалық» МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Жаңаөзен қаласының әкіміне (Әбілов Е.Ж.):

Аудиторлық іс-шарамен анықталған бұзушылықтарғаназар аударып, жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 12 қаңтарына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

3. Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөліміне(Мустафаев Н.А.):

1) анықталған заң бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша шаралар дайындап, олардың орындалуын жүзеге асыру мақсатында Іс-шаралар жоспарын қабылдау ұсынылады;

2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

4. «Тазалық» МКК-на(Тұрлыбек Б.Б.):

1) анықталған заң бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша шаралар дайындап, олардың орындалуын жүзеге асыру мақсатында Іс-шаралар жоспарын қабылдау ұсынылады;

2) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

5. Жоғарыда көрсетілген Бөлім мен Кәсіпорын басшыларына осы Аудиторлық қорытындымен берілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты 2018 жылдың 12 қаңтарына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлау тапсырылады.

6. «Тазалық» МКК-на тексеру комиссиясының нұсқамасын жолдауды ұсынамын.

7. Анықталған мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарына жауапты аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілігін қарау мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне материалдар жолдауды ұсынамын.

Қосымша (___ парақ): мемлекеттік аудитнәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Гапуов

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя