19/05/2024  Воскресенье
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

төрағасы М.Ешанкуловқа

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

1.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттердің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу.

5.Негізгі (талдамалық) бөлік:

1) Мекемеде мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 316 435,4 мың теңгеге анықталған қаржылық заң бұзушылықтар қалпына келтірілуге және бюджетке өтелуге тиіс.

1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» N 393 санды бұйрығының 243, 272-тармақтары сақталмай, жалпы сомасы 312 625,0 мың теңгені құрайтын актілермен қабылданған құрылыс жұмыстарына қатысты шығындар мен негізгі құралдар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» N 242 Заңының 60-бабының 1-тармағы сақталмай, 2015-2016 жылдары құрылысы аяқталған нысандардың жобалау сметалық құжаттарында бюджетке қайтарылуы көзделген барлығы 3 010,7 мың теңгенің (уақытша имараттарға жоспарланған) қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

3-тармақ. Мекемемен «Deluxe Design» ЖШС-мен «Ақшұқыр селосына ауылішілік автомобиль жолы құрылысының ЖСҚ жасақтауға (жоғарғы бөлігіне)» 17.10.2016 жылы жалпы сомасы 4 592,0 мың теңгеге №42 шарт және «Ақшұқыр селосына ауылішілік автомобиль жолы құрылысының ЖСҚ жасақтауға (төменгі бөлігіне)» 06.10.2016 жылы жалпы сомасы 3 864,0 мың теңгеге №41 шарт жасақталып, жұмыстардың мерзімі 2016 жылдың желтоқсан айы болып белгіленген және 2016 жылы шарттармен көзделген қаражат толық аударылған. Алайда, жобалық сметалық құжаттамалар шартта көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған, атап айтқанда: №42 шарт бойынша – мерзімінен 90 күнге кешіктіріліп 31.03.2017 жылғы жүкқұжатпен (накладная), №41 шарт бойынша – мерзімінен 104 күнге кешіктіріліп 14.04.2017 жылғы жүкқұжатпен (накладная) тапсырылған.

Яғни, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 санды бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 215-бөлімінің 6-тармағы бұзылып, Мекеме жасасқан шарттарға сәйкес орындалған жұмыстардың орындалуын растауды қамтамасыз етпеген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 05.12.2015 жылғы №434 санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24-тармағы орындалмай, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарыменкөзделген әрбір кешіктірілген күн үшін «Deluxe Design» ЖШС-нен жалпы сомасы 799,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген:

-«Ақшұқыр селосына ауылішілік автомобиль жолы құрылысының ЖСҚ жасақтау (жоғарғы бөлігіне)» жобасы бойынша - 413,3 мың теңге (4592,0*0,1%*90=413,3 мың теңге);

-«Ақшұқыр селосына ауылішілік автомобиль жолы құрылысының ЖСҚ жасақтау (төменгі бөлігіне)» жобасы бойынша - 386,4 мың теңге (3864,0*0,1%*104=405,6 мың теңге, шарттың 8.3-тармағына сәйкес тұрақсыздық айыппұл сомасы келісім шарт сомасынан 10%-дан артық емес болатыны ескеріле отырып (3864,0*10%=386,4 мың теңге)).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 05.12.2015 жылғы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3)-тармақшасы сақталмай, мердігер келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану үшін Мекеме сотқа жүгінбеген.

2) Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы - 9 984,7 мың теңге, 4 бірлік.

4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV сандыБюджет Кодексінің 32-бабы 2-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, Мекеменің 2015, 2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары жасалмаған.

5-тармақ. ҚР 04.12.2008 жылғы №95 Бюджет кодексінің 4-бабы 10-тармағымен көзделген уақтылылық қағидатының нормалары сақталмай, 5985,0 мың теңге уақтылы игерілмеген, атап айтқанда:

-2016 жылы 022.015 «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша бойынша 189 341,0 мың теңге жоспарланып, 188 776,0 мың теңге игерілген. Сайын Шапағатов село ішілік автомобиль жолдары құрылысының техникалық және авторлық қадағалауға жоспарланған 565,0 мың теңге игерілмеген.

-2017 жылы 033.015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Ақшұқыр селосының 14-шақырымынан С.Шапағатов селосының 28-шақырымына дейін автомобиль жолдарының жиегіне көше жарықтары құрылыс жұмыстарына жоспарланған 5 420,0 мың теңге игерілмеген.

6-тармақ. Мекеменің 01.01.2015 жылғы бухгалтерлік есебінде құны 1999,7 мың теңгені құрайтын «Ақшұқыр селосына автомобиль жолдары құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы» және құны 2000,0 мың теңгені құрайтын «С.Шапағатов селосына автомобиль жолдары құрылысы жобалық сметалық құжаттамасы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» N 393 санды бұйрығының 272–тармағы бұзылып, 2411 "Аяқталмаған құрылыс" шотына есепке алынбай, 2716 (Өзге материалдық емес активтер) шотына алынған. Сонымен қатар, құрылыс аяқталғаннан кейін,аталған 2 жобалық сметалық құжаттамалар құны 2330 «Құрылыстар»шотында көрсетілмеген.

6. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Мекеменің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал 2017 жылдың 30 қарашасындағы 01-08/820 санды хатпен Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

7. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тұжырымдар

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 316 435,4 мың теңгеге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –4 бірлік, жалпы сомасы 9 984,7 мың теңге.

Жалпы сомасы 312 625,0мың теңгені құрайтын актілермен қабылданған құрылыс жұмыстарына қатысты шығындар мен негізгі құралдар бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.

2015-2016 жылдары құрылысы аяқталған нысандардың жобалау сметалық құжаттарында бюджетке қайтарылуы көзделген барлығы 3 010,7 мың теңгенің (уақытша имараттарға жоспарланған) қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарыменкөзделген әрбір кешіктірілген күн үшін өнім берушілерден жалпы сомасы 799,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары талап етілмеген және мердігерлерді өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану үшін Мекеме сотқа жүгінбеген.

Мекемемен 2015, 2016 және 2017 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары жасалмаған.

Бюджет жүйесініңуақтылылық қағидатының нормалары сақталмай, 5985,0 мың теңге уақтылы игерілмеген.

Жобалық сметалық құжаттамалар тиісті шоттарда көрсетілмеген және құрылыс аяқталғаннан кейін 2330 «Құрылыстар»шотында көрсетілмеген.

Мекеме жасасқан шарттарға сәйкес орындалған жұмыстардың орындалуын растаудың дұрыстығын қамтамасыз етпеген.

Бұзушылықтар негізінен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасақтау туралы, бюджет, мемлекеттік сатып алу, құрылыс ісі туралы заңнамалардың өз дәрежесінде сақталмауынан болып отыр.

8. Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша ұсынымдар

Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

2.Түпқараған ауданының Әкіміне 2018 жылдың 01 наурызына дейін жіберілген бұзушылықтарға назар аударып, жауапты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды ұсынамын.

3.«Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылдың 01 наурызына дейін (Д.Жантуаров):

1) Аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау мақсатында, аудит нәтижесін кеңейтілген мәжілісте жауапты тұлғалардың қатысуымен қарап, бухгалтерлік есепті және құрылыс жұмыстарын заңнамаға сәйкес жүргізу, бюджеттік бағдарламалардың жасақталуы мәселелері бойынша нақты іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын.

Жалғама: жиынтық тізбе 1 бетте.

Тексеру комиссиясының

мүшесі А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя