29/03/2024  Пятница
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

17 қыркүйек  2020 жылғы № 02-02/6  санды қаулысымен бекітілді

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

Төрағасы Н.Иманбердиевке

 

АУДИТОРЛЫҚ    ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

   1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

            Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

    1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Ақшұқыр ауылы әкімінің аппараты қызметінің тиімділігін бағалау.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

         «Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме).

         1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің басшысы - бас мемлекеттік аудиторы А. Тұрғанбаев (топ жетекшісі сертификат №1428), қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудитордың ассистенті О.Нурмаганбетов.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 01.01.2018жыл – 31.05.2020 жыл аралығы.

 

         II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

«Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Миссиясы: жергілікті деңгейде ауыл халқының өмір сүру деңгейінің сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру.

Міндеттері: Ақшұқыр ауылы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

Функциялары: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және т.б.

        Ақшұқыр ауылының  жалпы аумағы: 5382.8 га тұрғын үй саны – 1301. Халықтың саны –10725 адам. Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 946 адам. Шағын кәсіпкерлік нысандары– 102. Шаруа қожалықтары – 24. Жылыжай – 2.

        1 мектеп гимназия және 1 мектеп лицейі, 8  балабақша:  2 мемлекеттік, 6 жеке балабақша (Жауқазын, Бәйтерек, Ай-нуры, Бүлдіршін, Балапан, Алма, Ақбөбек, Жанарыс), 1 мәдениет үйі, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік полиция бөлімшесі, 1 ардегелер үйі, коммуналдық қызмет көрсету орталығы, Қазпошта, Ветеринариялық станция, Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

Ауыл әкімдігіне келіп түскен барлық өтініштер 2018 жылы барлығы 285 өтініш келіп түскен 284-і арыз, 1-уі өзге де өтініштер, оның 278-і жеке және 7 заңды тұлғалардан келіп түскен, оның 6 қанағаттандырылған, 2-уі қаңағаттандырылмаған, 277 түсіндірілген.

2019 жылы жылы барлығы 260 арыз келіп түскен, оның 254-і жеке және 6 заңды тұлғалардан, оның 6 қанағаттандырылған, 254 түсіндірілген.

2020 жылдың 31 мамырына дейін барлығы 58 арыз келіп түскен, оның 9 қанағаттандырылған, 2-уі қаңағаттандырылмаған, 44 түсіндірілген.

Мекеме қызметі

Мекемеде 01.01.2018 жылғы жағдай бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, 12 штаттық қызметкерлер және 3 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарған. 31.05.2020 жылғы жағдай бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, 9 азаматтық қызметкерлер және 3 әлеуметтік қызметкер.

Жалпы мекемеде кадрлардың тұрақтамауы орын алған. Атап айтқанда, 2018 жылы 15 қызметкер, 2019 жылы 8 қызметкер және 2020 жылы 6 қызметкер жұмыстан кеткен. Жұмыс көлемінің ауқымдылығы себепті.

         2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

         Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын өлшемшарттар: 

          1.«Тиімділік» бойынша базалық өлшемшарт:

         1) Жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

         Арнайы өлшемшарт: бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі.

           2.«Нәтижелілік» бойынша базалық өлшемшарт:

           1) Мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттері мен  функцияларының іске асырылуын (бағалау%).

          2) Тиімділік аудитінің бағыттары бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін (бағалау%).

           Арнайы өлшемшарт:

           1) Міндеттер мен функциялардың орындалмау фактілері, сондай-ақ оларды орындау барысында заңнама талаптарының сақталуы (аяқталған жылдар бойынша);

         2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы бойынша жасақталған жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралары 2018-2019 жылы барлығы-575, оның орындалғаны-525, орындалмағаны-50.

         2018-2019 жылдары жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-91,3%, (525/575*100%).

  1. 2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген функциялардың іске асырылуы 2018-2019 жылдары барлығы- 14, оның орындалғаны-12.

         2018-2019 жылдары функциялардың толық іске асыру көрсеткіші-85,7%, (12/14*100%).

         Аудиттің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау 87 пайыз жақсы деген баға беріледі.

         2.2.1.Жиынтық талдау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

         Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауынан  бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

         Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 43 310,4 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде қалпына келтіруге жататыны – 42 904,7 мың теңге, 405,7 мың теңге  - бюджетке өтелуге жататыны, 6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

            1-тармақ. 2018-2019 жылғы бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағы сақталмай, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері айқындалмаған.

         2-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 939 қаулысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының талаптары бұзылып, қызметкерлердің еңбек өтілі нақты есептелінбей, барлығы  250,8 мың теңге еңбекқы артық төленген, атап айтқанда бас мамандар: А. Қожановаға -  38,0 мың теңге; Ә. Қосбармақоваға - 117,2 мың теңге; Н. Даутоваға - 76,3 мың теңге; әлеуметтік қызметкер М. Сугироваға - 19,3 мың теңге,

         Сонымен қатар, жүргізуші қызметін атқарған, нұсқаушы Н. Мәліковке 01.01.2018 – 01.02.2020 жыл аралығында - 154,9 мың теңге сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы есептеліп, төленген (1-дәрежелі жүргізуші сыныбы жоқ бола тұра).

         Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 346 –бабы, 2-тармағының талабы сақталмай, нұсқаушы Е.Өтеев (3 топтағы мүгедек)  мүгедектігі үшін жеке табыс салығынан босатылмаған, 01.01.2018--31.02.2020 жылдары аралығында еңбекақысынан барлығы -  103,8 мың теңге жеке табыс салығы ұсталған.

         3-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» № 393 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы № 423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптары сақталмай, мекеме балансындағы (2383 шоты) түгендеу кезінде жалпы құны 150,0 мың тұратын 500 түп ағаштың күтімсіз, қурап қалғаны және  қалдық құны 735,2 мың теңге тұратын  КТПН-250 трансформаторының жоқтығы анықталды.

            4-тармақ. Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 4, 9, 42-баптарының талаптары сақталмай, «Ақшұқыр ауылы дәрігерлік амбулаториясын» меншік құқығын рәсімдеу үшін мемлекеттік уәкілетті органда тіркелмеген.

         5- тармақ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» № 393 бұйрығының 238, 243 және 250 тармақтары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарының» № 281 бұйрығының 16-тармағының талаптары сақталмай, жалпы құны 1 985,3 мың теңгеге алынған 55 дана қоқыс контейнері  Мекеме балансына бухгалтерлiк есепке алынбай, бухгалтерлік есепті жүргізу бұрмаланған. (Қоқыс контейнері -Түпқараған ауданы әкімдігінің «Коммуналдық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-нан  2019 жылы алынған).  

         Ақшұқыр ауылының теңіз жағалауындағы 5,0 га жер учаскесін абаттандыруға Ақшұқыр селолық әкімінің шешімі шығарылған (№189  21.10.2019 жыл)

         7-тармақ. Алайда, Қазақстан Республикасының 20.06.2003 жылғы «Жер кодексі» N 442 Кодексінің 32-бабы, 3-тармағы, 43- бабы 9- тармағы және Ақшұқыр селолық әкімінің 21.10.2019 жылғы «Ақшұқыр ауылы әкімінің аппаратына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жер бөлу туралы»  № 189 – шешімінің 1- тармағының талаптары сақталмай, жерді пайдалану шарты жасақталмаған, жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi рәсімделмеген. 

         Сондай-ақ, жерді пайдалануға тиісті құқықтары рәсімделмей, осы жерге абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

         2020 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасымен республикалық бюджеттен трансферт есебінен 93 762,9 мың теңгеге «Теңіз жағалауын абаттандыру» жұмысы жүргізілген. (мердігер - «АЙКОМ Ltd» ЖШС-гі, келісім шарт -  №28 санды 14.05.2020 жыл).

         8-тармақ.  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының 3) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 16.07.2011 жылғы №242 санды «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-2 бабының 1- тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 215-тармағының талаптары сақталмай, теңіз жағалауын абаттандыру жұмыстары бойынша 2020 жылдың мамыр айында тапсырылған жұмыстарды орындау актісіне сәйкес - темір қоршаулар мен тротуардың салынғаны нақты расталмай 40 184,2 мың теңге қаржы  аударылған.

         Яғни, іс жүзінде, тексеріп қарау барысында темір қоршаулар мен тротуар салу жұмыстары орындалмағаны анықталды (27.05.2020 жылғы №33-ші жұмысты орындау актісі).

         Мердігер - «Айком LTD» ЖШС-нің директоры А.Ә.Жәдігеровтың түсініктемесінде  аталған жұмыс түрлері техникалық шешімге сай өзгертілген сметалық жобамен жұмыс жүргізгені айтылған.

         Алайда, ауыл әкімімен бекітілген сметалық жобада техникалық шешімде өзгертуге келісілген жұмыстарға емес, басқа жұмыс түрлеріне өзгерістер енгізілген.

         Яғни, техникалық шешім бойынша темір қоршаулар мен тротуар салу жұмыстары өзгертілмей сол қалпында қалуы көзделген.

         Орындалмаған жұмыс көлемінің  қабылдануы, орындау актісіне қол қойылуы, оған қаржының аударылуы, техникалық шешім мен сметалық жобаның сәйкес келмеуі, өз кезегінде Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы №416 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 43-бабы,1,2-тармақтарының талаптарының сақталмауына әкелген, яғни ауыл әкімімен жұмыстардың орындау актісіне сәйкес жүргізілуіне бақылау мен қадағалау тиісті деңгейде жүргізілмеген.

         9 –тармақ. Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015 жылғы № 711«Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру» нормативтері сақталмаған, атап айтқанда:

         2018 жылы –Ақшұқыр ауылішілік автокөлік жолының 0,7 км-н ағымдағы жөндеуге  9 744,0 мың теңге жұмсалған.

         Алайда, нормативке сай 0,7км ағымдағы жөндеу жұмыстарына 870,2 мың теңге қаржыландырылуы тиіс бола тұра (0,7 км х 356,9 х1 х 3,11 х 1,12 ндс)  8 873,8мың теңге (9 744,0 - 870,2) артық қаржы есептеліп, бөлініп, жұмсалған (мердігер - «Аманат Professional Construction Company» ЖШС).

         10-тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V ҚРЗ Заңының 39-бабы 3- тармағы, 42) тармақшасына  2018 жылы негізсіз сілтеме жасалып, біртекті тауарларды жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспау үшін бөлшектеп, мемлекеттік сатып алу туралы шартын тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен барлығы  - 1 558,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілген:

         - компьютердің мониторы мен процессорын 2 рет бөліп сатып алған;

         - баннер дайындау қызметін 3 бөліп сатып алған;

         - жиhазды 2 бөліп сатып алған.

         Нәтижесінде, мемлекеттiк сатып алу Заңының 4-бабы 3, 4) тармақшасының  әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы принципінің сақталмауына жол берілген.

         11 -тармақ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2018 жылғы №187 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 53,55,56-тармақтары және Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.02.2018 жылғы № 16/200 шешімімен бекітілген «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» қағидасының  18,27-ші тармақтары сақталмай, село әкімдігімен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орналасқан алаңдары қатты жабынмен жабылмаған, үш жағынан қалдықтардың желмен таралмауы үшін биіктігі 1,5 м биіктікте қоршалмаған, контейнерлер қақпақпен жабдықталмаған және қоқыс шығару кестелері ілінбеген, жарамсыз контейнерлер ауыстырылып жаңарталмаған.

            Тұрғындар  арасында  жүргізілген сауалнама нәтижесімен қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі айтылған.

         III. Қорытынды бөлік

         3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

         Мемлекеттік аудит барысында бухгалтерлік есептегі құрал-жабдықтарға түгендеу, құрылыс жұмыстарының тапсырылған актіге сәйкестігін қарап тексеру жұмыстары жүргізілді.

         3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

            2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы бойынша жасақталған жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралары 2018-2019 жылы барлығы-575, оның орындалғаны-525, орындалмағаны-50.

         2018-2019 жылдары жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-91,3%, (525/575*100%).

         2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген функциялардың іске асырылуы  2018-2019 жылдары барлығы- 14, оның орындалғаны-12.

         2018-2019 жылдары функциялардың толық іске асыру көрсеткіші-85,7%, (12/14*100%).

         Аудиттің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау 85,7% жақсы деген баға беріледі.

         Ақшұқыр селосы әкімі аппараты қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен заң бұзушылықтар:

         - бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда тиісті заңнама талаптары сақталмаған;

         - қызметкерлердің еңбек өтілдері нақты айқындалмай артық еңбекақы төленген, негізсіз үстемақы төленген, еңбекақы көлемінен табыс салығын ұстау талаптары сақталмаған;

         - орындалмаған құрылыс жұмыстарының көлеміне қаржы аударылған;

         - бухгалтерлiк есепті жүргізу қағидасының тиісті талаптарын сақтамай, бухгалтерлiк есеп жүргізудің  бұрмалануына жол берілген, түгендеу жұмыстары жүргізілмеген;

         - мемлекеттiк сатып алу заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алулар жүргізілген;

         - Ақшұқыр ауылы дәрігерлік амбулаториясының мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген;

         - жасыл желекті ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары тиісті деңгейде  қамтамасыз етілмеген.

         Тұрғындар арасында сауалнама жүргізу барысында, санитарлық тазалықтың дер кезінде жүзеге асырылмайтыны, қатты тұрмыстық қалдықтар салынатын жәшіктердің жеткіліксіздігі көрсетілген. 

         Жолсыздықтар жауапты тұлғалардың өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс атқармауынан, тиісті басшылар тарапынан жеткілікті қадағалаудың жоқтығынан орын алған.

        

         3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

        

         1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Ақшұқыр селолық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

  1. Түпқараған ауданының әкіміне 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін (А. Қосуақов):

         1) «Ақшұқыр селолық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды;

         2) Село  аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған жәшіктерінің жеткіліксіздігін ескере отырып, тұрмыстық қалдықтарды

жинауды қамтамасыз ету жолдарын қарастыруды ұсынамын.

  1. 3. Түпқараған ауданы экономика және қаржы бөліміне 2020 жылдың 1 желтоқсанға дейін (А. Исатаева):

         1) Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге бөлінетін бюджет қаржысын, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 17.06.2015 жылғы № 711«Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауды қаржыландыру» нормативтеріне сәйкес бөлінуін қатаң сақтауды.

         4.« Ақшұқыр селолық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  2020 жылдың  1 желтоқсанына дейін:

            1)Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтауды ұсынамын.

         2) Бухгалтерлік есеп жүргізуге, мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру шараларын қабылдауды.

         3) Жасыл желекті ағаштарды күтіп ұстау жұмыстарын күшейтуді.

         4) Теңіз жағалауын абаттандыруға берілген жер учаскесін пайдалануда тиісті Заңнамаға сәйкестендіруді.

         5) Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге бөлінге қаржыны тиісті нормативке сәйкес нормамен жұмсауды.

         6) Ақшұқыр ауылы дәрігерлік амбулаториясын мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізуді.

        

         3.4.Жалғама: жиынтық тізбе  - 4   бетте.

                  

Тексеру комиссиясының мүшесі                                              Х. Джанаева

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя