24/04/2024  Среда
Государственное учреждение

Ревизионная комиссия
Мангистауской области

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының

17 қыркүйек  2020 жылғы №02-02/ 5 санды қаулысымен бекітілді

 

 

АУДИТОРЛЫҚ    ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

   1.1.Аудиторлық іс-шараның атауы:

            Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне аудиторлық іс-шара жүргізу.

    1.2.Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінің тиімділігін бағалау.

1.3.Мемлекеттік аудит объектісі:

         «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Мекеме).

         1.4.Мемлекеттік аудит тобының құрамы: Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімнің басшысы Б.Ж.Корбаков (сертификат №1626), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маманы- мемлекеттік аудитордың ассистенті С.Килыбаев.

1.5.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 01 қаңтар – 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

 

         II.Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Аудиттелетін саланың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау.

         «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін 05.01.2018 жылғы №7-қ Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, жүзеге асырады.

         Міндеттері: Әкімнің қызметін аппараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

         Функциялары: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді; қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету және т.б.

         Қызылтөбе ауылдық округі 06.04.2005 жылы №16/161 облыстық мәслихат шешімімен құрылған.

         Ауылдық округтің жалпы аумағы 12,6 гектар оған: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2, Ынтымақ және Бірлік тұрғын үй аумақтары кіреді.

         Халық саны 31.12.2019 жыл соңына- 30,4 мың адам.

         Шағын кәсіпкерлік субъектілер оның ішінде ЖШС-23, ШҚ-22, ЖК-250.

         Мал саны-4 743, оның ішінде сиыр-254, жылқы-774, қой-2023, түйе-1254, құс-438.

         Жалпы білім беру орта мектептері саны 4- №6 орта мектеп 960 орындық, №2 орта мектеп 1 200 орындық, Қызылтөбе лицейі 300 орындық, №13 мектеп гимназиясы 600 орындық.

         Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары саны 11- "Балапан балабақшасы" МҚКК-ны 150 орындық,  "Балбөбек балабақшасы" МҚКК-ны 280 орындық, жеке менші балабақшалар "Тұмар" 70 орындық, "Сұңқар" 50 орындық, "Мыңғасыр" 75 орындық, "Болашақ" 60 орындық, "Гүлдер" 100 орындық,   "Ырысжан" 60 орындық, "Нұр Айым" 60 орындық,  "Бауырсақ" 75 орындық, №6 орта мектеп жанынан ашылған шағын орталық-75 орындық.

         Денсаулық сақтау ұйымдар саны-3, 1- бастапқы санитарлық-медицианалық көмек көрсету орталығы, 2-дәрігерлік амбулатория.

         Мәдениет саласының нысандар саны-3, Мәдениет үйі, «Тайбурыл» аула клубы және Аудандық кітапхана филиалы.

         Спорт нысандар саны-1, Қызылтөбе лицейі жанындағы жабық спорт залы.

         2016-2019 жылдары жеке тұрғын үй құрылысын салуға  салу 8 955  өтініштер келіп түскен, оның ішінде 2018 жылы-102 өтініш, 2019 жылы-147 өтініш. Бүгінгі күні  жеке тұрғын үй құрылысын салуға  жер учаскелері берілмеуде.

         Ауылдық округ  әкім аппараттында штат саны-11, оның 1-әкім, 1-әкім орынбасары, 9-бас мамандар (халық саны 31.12.2019 жыл жағдайына- 30,4 мың адам). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.12.2004 жылғы №1324 «Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қаулысының 2-ші қосымшасының талаптарына сәйкес келмейді (әкiм аппаратының штат саны 15-18 (бiрлiк), оның iшiнде әкiм орынбасарлары 2 (бiрлiк) қарастырылған).

         Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылатын кезеңде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

         2.2.Аудиттелетін салаға жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері.

         Мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын өлшемшарттар: 

          1.«Тиімділік» бойынша базалық өлшемшарт:

         1) Жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;

         Арнайы өлшемшарт: бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі.

           2.«Нәтижелілік» бойынша базалық өлшемшарт:

           1) Мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттері мен  функцияларының іске асырылуын (бағалау%).

          2) Тиімділік аудитінің бағыттары бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін (бағалау%).

           Арнайы өлшемшарт:

           1) Міндеттер мен функциялардың орындалмау фактілері, сондай-ақ оларды орындау барысында заңнама талаптарының сақталуы;

         2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы бойынша жасақталған жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралары 2018 жылы барлығы- 62, оның орындалғаны-51, орындалмағаны-11. 2019 жылы жылы барлығы- 48, оның орындалғаны- 35, орындалмағаны- 13.

         2018 жылы жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-82,2%, (51/62*100%).

         2019 жылы жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-72,9%, (35/48*100%).

  1. 2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген функциялардың іске асырылуы 2018-2019 жылдары барлығы-  34, оның орындалғаны-34.

         2018 жылы функциялардың толық іске асыру көрсеткіші-100%, (34/34*100%).

         2019 жылы жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-100%, (34/34*100%).

         Аудиттің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау 88,7 пайыз жақсы деген баға беріледі.

         2.2.1.Жиынтық талдау, анықталған біртектес бұзушылықтардың, кемшіліктердің жинақтап қорытылған нәтижелері.

         Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша бюджеттік және басқа да заңнамалардың жауапты тұлғалармен тиісті дәрежеде сақталмауы, зерделенбеуі себебінен  бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

         Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 10 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

            1-тармақ. 2018-2019 жылғы бюджеттік бағдарламаларды жасақтауда  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014ж. №195 «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының 9-тармағы сақталмағандықтан, бюджеттік бағдарламаның орындалуы тиімділігін анықтауға мүмкіншілік болған жоқ.

         2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 24.11.2014 жылғы №511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының» 36- тармағының талабына сәйкес жасақталмаған, яғни бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi жасау кезінде өлшем бiрлiгi, саны, көлемі, 1 шаршы метрге айына шығыстар сомасы, алып отырған алаңдары көрсетілмеген және жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтары қоса берілмеген.

         3-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 санды бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» Қағидасының 187-тармағының талаптары бұзылып, 2018-2019 жылдары мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеуде жалпы сомасы 987,2 мың теңге негізсіз артық аударылған (2018 жылы-440,6 мың теңге, 2019 жылы-546,6 мың теңге). Сонымен қатар,«Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысының 25-тармағының талаптары бұзылып, бас есепші Н.Маденовке 19,6 мың теңге материалдық көмек артық тағайындалған.(75 АЕК-тен жоғары).

         4-тармақ. «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» 12,15,19,198,243,280-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы № 423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығының 4,6-тармақтарының талаптары сақталмай, жабдықтар жеке-жеке кірістелмеген, материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаны бекіту туралы бұйрық жасалмаған және 2018-2019 жылдарда мемлекеттік мекемеде түгендеу жұмыстары жүргізілмеген. 

         5-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7-қосымшасының 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының» 116-тармағының талаптары сақталмай,  қаржылық есептілікте кредиторлық берешек жалпы сомасы 780,6 мың теңгеге артық көрсетілген.

         6-тармақ. 2018 жылы Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы 434 санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағының талабы сақталмай, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алу веб-порталына бес жұмыс күнiнен кешіктіріп орналастырылған.

         7-тармақ. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы 434 санды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3-тармағының 50-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы № 648 бұйрығымен бектілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру»  Қағидасының  378-1-тармағы сақталмай,  2 айдан көп мерзімге шарт жасалған, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібермей «Атамекен Тазалық» ЖШС-мен келісім шарттар негізсіз жасақталған.  (2018 жылы - 3 500,0 мың теңге, 2019 жылы - 6 333,2 мың теңге).           

         8-тармақ.  «WHITE BUSINESS» ЖШС-нен «Компьютер жиынтығын» сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы 434 санды «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңының 12- бабының 4- тармағының 3-тармақшасының талаптары бұзылып, жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамағаны үшін өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа уақтылы жүгінбеген.

         9-тармақ. Ауылдық округ аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізу барысында, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы №16/200 «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 5-тармағына сәйкес, әкімнің аппаратымен дендрологиялық жоспар жасақталмай, жасыл желекті ағаштар отырғызылған.

         10-тармақ. Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 215-тармағының талаптары бұзылып, төлеуге берiлетiн шотты ұсыну заңдылығы мен негiздiлiгiн, жасасқан мемлекеттік тапсырыс бойынша жасақталған азаматтық-құқықтық мәмiлеге сәйкес көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмей (балабақшаға келмеген және демалыс күндерге есептелген), жалпы сомасы 364,3 мың теңге негізсіз артық аударылған. Атап айтқанда, "Болашақ" жекеменшік балабақшасына   2018 жылы- 158,4 мың теңге, 2019 жылы- 205,9 мың теңге.  

         11-тармақ. Бюджет Кодексінің 96-бабының 1,2,3-тармақтарының 97-бабының 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы № 540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 161-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесі» бұйрығының 1-қосымшасының талаптары сақталмай, 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 6 154,6 мың теңгеге «Шыршаға сыйлықтар мен киімдер сатып алу» бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілені аумақтық қазынашылық органына тіркемей,  және өткен қаржы жылында мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін кредиторлық берешекті ағымдағы қаржы жылының қаражаты есебінен берешекті өтеуге шарт жасақтамай, төлем жүргізген. 

         12-тармақ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2018 жылғы №187 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының 53,55,56-тармақтарының және Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.02.2018 жылғы № 16/200 «Маңғыстау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің 18,27-ші тармақтары сақталмай, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерге бөлінген алаңдары қатты жабынмен жабылмаған және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктігі кемінде 1,5 м биіктікте қоршалмаған, ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықталмаған және ҚТҚ шығару кестелері қалдықтарды жинау алаңдарына ілінбеген, одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлер ауыстырылып жаңартылмаған.

        

         III. Қорытынды бөлік

         3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.

         Мемлекеттік аудит барысында жалпы сомасы 1 006,5 мың теңге еңбекақы және бір жолғы материалдық көмекті тайындау бойынша артық төленген қаржы толықтай тиісті бюджетке қайтарылды.

         Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

         3.2.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша тұжырымдар

Аудит бағдарламасымен көзделген көрсеткіштер бойынша жүргізілген аудит қорытындысымен бағалау нәтижесі:

            2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы бойынша жасақталған жоспарлы және жоспардан тыс іс-шаралары: 2018 жылы барлығы- 62, оның орындалғаны-51, орындалмағаны-11. 2019 жылы барлығы- 48, оның орындалғаны- 35, орындалмағаны- 13.

         2018 жылы жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-82,2%, (51/62*100%).

         2019 жылы жүктелген міндеттердің толық іске асыру көрсеткіші-72,9%, (35/48*100%).

         2018-2019 жылдары мемлекеттік аудит объектісіне жүктелген функциялардың іске асырылуы  -  34 (жоспар -34).

         Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін барлық бағыттар бойынша қорытынды бағалау 88,7 пайызды құрады.

         Сонымен қатар, «Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде жалпы сомасы 1 371,1 мың теңгеге қаржылық және бірқатар рәсімдік сипаттағы заң бұзушылықтар анықталды:

            Атап айтқанда:

         Бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде заңнама талаптары сақталмаған.

         Қызметкерлерге жалақы төлеуде, бір жолғы материалдық көмек беруде және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қаржы аударуда көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмей, негізсіз артық қаржы аударылған. 

         Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып, бухгалтерлiк есеп жүргізуден жалтарған және бұрмаланған қаржылық есептілік жүргізілген.

         Мемлекеттік сатып алулары бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған, өнім берушілерді жосықсыз қатысушысы деп тану жөнінде уақтылы сотқа талап арызбен жүгінбеген және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары уақтылы мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылмаған. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылу кезінде тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұрау салулар жібермеген. Мемлекеттік сатып алу шарттары аумақтық Қазынашылық органдарына тіркемей, қаржы аударылып отырған.

         Ауылдық округ аумағын көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде дендрологиялық жоспар жасақталмай, жасыл желекті ағаштар отырғызылған.

         Тұрғындар арасында сауалнама жүргізу нәтижесімен Қызылтөбе ауылында санитарлық тазалықтың дер кезінде жүзеге асырылмайтыны, қатты тұрмыстық қалдықтар салынатын жәшіктердің жеткіліксіздігі, көгалдандыру жұмыстары баяу жүргізілетіні, су тапшылығы байқалды. 

         Жолсыздықтар жауапты тұлғалардың өздеріне жүктелген міндеттерін дұрыс атқармауынан, тиісті басшылар тарапынан жеткілікті қадағалаудың жоқтығынан орын алған.

        

         3.3.Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар

         Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

        

         1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын қарауды ұсынамын.

         2.Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына 2020 жылдың 17 қарашасына дейін (М.Б.Альбекова):

         1) Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында су тапшылығын жоюға бағытталған құрылыс жұмыстарын толық қаржыландыруды ұсынамын.

         3.Мұнайлы ауданының әкіміне 2020 жылдың 17 қарашасына дейін (Р.Т.Елтизаров):

         1)«Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде анықталған бұзушылықтарға назар аударып, мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарауды;

         2)Ауылдық округ  аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды салу жәшіктерінің жеткіліксіздігін ескере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды қамтамасыз ету бойынша іс-шара жоспарын жасауды ұсынамын.

         4.«Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  2020  жылдың 17 қарашасына дейін:

            1)Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін, жауапты тұлғаларды белгілей отырып, іс-шаралар жоспарын жасақтауды;

         2)Мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғаның біліктілігін арттыру шараларын қабылдауды және елді мекенді санитариямен қамтамасыз ету бойынша шартты  бір қаржы жылынан асатын мерзімге жасау мүмкіндігін қарастыруды;

         3)Елді мекен аумақтарын абаттандыру бойынша дендрологиялық жоспар әзірлеу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамын.

         5.Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материалды  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша Департаментіне жолдауды ұсынамын.

         3.4.Жалғама: жиынтық тізбе  - 4   бетте.

                  

         Тексеру комиссиясының

         мүшесі                                                              А.Нурбосынова

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Блог председателя